Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 20 триллион теңгеге жетті

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 20 триллион теңгеге жетті

Коллаж: Ulysmedia.kz
Бірыңғай ұлттық зейнетақы қорының мәліметі бойынша, қазақстандықтардың жинақтары көлемі шамамен 3,9 трлн теңгеге өсті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БЖЗҚ салымшылардың зейнетақы жинақтары 20 трлн теңгеге жеткенін хабарлады. Жыл басынан бері өсім 2,1 трлн теңгені құрады.

"Өткен жылдың осындай күнімен салыстырғанда зейнетақы жинақтарының көлемі шамамен 3,9 трлн теңгеге немесе 24,3%-ға өсті", - делінген хабарламада.

Жинақтардың барлығына жуығы - 96% - міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) есебінен қалыптасқан. Олардың көлемі 19,3 трлн теңгені құрады. МЗЖ бойынша зейнетақы жинақтарының сомасы 619,9 млрд теңгені құрады.

"Ең үлкен өсімді (жылына 48,4%, жыл басынан бері 22,5%) ерікті зейнетақы жарналары (ЕЗЖ) бойынша жинақтар көрсетті. Олардың көлемі 6,5 млрд теңгені құрады", - деп нақтылады БЖЗҚ.

Бірінші жартыжылдықта БЖЗҚ салымшыларының жеке және шартты зейнетақы шоттарына есептелген таза инвестициялық табыс 1,21 трлн теңгені құрады.

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты төлемдер шамамен 97,3 млрд теңге болды.
25 шілде 2024 ж. 351 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930