Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар зейнетақы қорына 13,4 трлн теңге жинаған

Қазақстандықтар зейнетақы қорына 13,4 трлн теңге жинаған

1 шілдедегі көрсеткіш бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының салымшылары 13,4 трлн теңге жинаған. Бұл туралы ҚазАқпарат қордың ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
«2022 жылдың 1 шілдесіндегі жағдай бойынша, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры салымшыларының шоттарында 13,4 трлн теңге зейнетақы жинақтары қалыптасып, былтырғымен салыстырғанда өсім 616 млрд теңгені құрады. Зейнетақы жинақтарының негізгі бөлігі міндетті зейнетақы жарналары есебінен түскен – 13 трлн теңге болды. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы жинақтары 2021 жылдың 1 шілдесінен бері 19% көбейіп, 394,3 млрд теңгеге, ерікті зейнетақы жарналарының көлемі шамамен 2,7 млрд теңгеге жетті. Бұл ретте ерікті зейнетақы жинақтары бойынша көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 48% арттты», - деп жазылған ресми мәліметте. Қордың дерегінен сенсек, салымшылардың 2021 жылдың 1 шілдесінен бергі таза инвестициялық кірісі 338 млрд теңгеден асқан. «Жыл басынан бері БЖЗҚ өз салымшыларына 984,2 млрд теңге төледі. Оның басым бөлігі тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу мақсаттарына арналған біржолғы зейнетақы төлемдері – 849,4 млрд теңге», - делінген қордың мәліметінде.
26 шілде 2022 ж. 351 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 22

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930