Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік көрсетілмеген медициналық қызметке қарсы жаңа шара қолданады

Министрлік көрсетілмеген медициналық қызметке қарсы жаңа шара қолданады

© Sputnik / Абзал Калиев
Денсаулық сақтау министрлігі пациентке қызмет көрсетілмеген медициналық шараны жүйеге тіркеуге қарсы жаңа шаралар әзірлеп жатыр, деп хабарлайды ведомство.
Соңғы уақытта көптеген пациенттер өздерінің мобилдік қосымшаларында медициналық қызметтер туралы жазбаларды байқаған, олардың айтуынша бұл қызметтер көрсетілмеген. Қолданыстағы бақылау мен мониторинг жүйелеріне қарамастан мұндай келеңсіздіктер жойылмай тұр, дейді ведомство.
Осы орайда министрлік жаңа бір шара ойлап тапты:
Пациенттің мобилдік қосымшасы арқылы медициналық көмекке баруды және қабылдауды растау.
FaceID технологиясын қолдана отырып пациентті анықтау.
QR-кодын немесе пациенттің бірегей цифрлық құжат кодын сканерлеу.
Жұмыс тобы бақылауды күшейту үшін қосымша шараларды енгізуді де қарастырады. Жақын арада олардың тиімділігін және елдің медициналық мекемелерінде практикалық қолдану мүмкіндігін анықтау үшін бақылау жүргізіледі.
Бұл шараларды енгізу пациенттерді жалған қосып жазудың санын едәуір азайтады, дейді министрлік.
24 шілде 2024 ж. 225 0

Балаларға шаттық сыйлаған күн

28 желтоқсан 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031