Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министр ауылға қажетті медицина мамандарының санын жариялады

Министр ауылға қажетті медицина мамандарының санын жариялады

© Sputnik / Игорь Онучин / Медиабанкке өту
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова ауылдарды медицина мамандарымен қамтамасыз ету бойынша есеп берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрдің айтуынша, ауылдарға жалпы 1100 медицина қызметкері қажет болған. 2023 - 2024 жылдары 152 нысанда 656 медицина қызметкері жұмысқа орналастырылды. Олардың ішінде 375 дәрігер жәре 281 орта медицина қызметкері бар.
“Қолданыстағы мемлекеттік қолдау шаралары дәрігер мамандығының беделін күшейтуге және мамандардың ауылда тұруға деген қызығушылығын арттыруға бағытталған”,- деді Әлназарова үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда министр әкімдіктерден жас мамандардың жетуіне мониторинг жүргізу және оларды бекіту, жұмыс жағдайларына қанағаттанушылыққа талдау жүргізу, сондай-ақ ауылда кадрларды ұстап қалу мақсатында жергілікті бюджеттер есебінен әлеуметтік қолдау шараларын күшейту бойынша жұмысты күшейтуді сұрады.
Сондай-ақ, бүгінде ұлттық жобаны іске асыру аясында 32 аудандық аурухананы жаңғырту жұмыстары атқарылып жатыр. Өткен жылы күрделі жөндеуге 3,9 млрд теңге салынды, биыл 7,6 млрд теңге бөлуге қосымша өтініммен 9,7 млрд теңге бөлу көзделген.
23 шілде 2024 ж. 255 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 112

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 168

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031