Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы өседі

Дәрігерлер мен медбикелердің жалақысы өседі

Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Биыл дәрігерлердің жалақысы 415 мың теңгеге, ал медбикелердікі 208 мың теңгеге дейін өседі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айтуынша, қазір елдің денсаулық сақтау жүйесінде 76 400 дәрігер жұмыс істейді. Оның ішінде 32 мыңы – бейінді мамандар.
"Медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе арттыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Осылайша, биыл дәрігерлердің еңбекақысын 30%-ке, орта медицина қызметкерлерінің айлығын 20%-ке арттыру көзделген. Бұл тиісінше 415 мың теңгені және 208 мың теңгені құрайды", - деді Ғиният министрліктің алқа отырысында.
Ал 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге дейін, ал медбикелердікі 249 мың теңгеге дейін өседі деп жоспарлануда.
Сондай-ақ министр медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізуді көздейтін заң жобасы әзірленгенін атап өтті.
28 ақпан 2022 ж. 510 0

Киелі мекен - Жанкент

19 сәуір 2024 ж. 46

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930