Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Министрлік бірінші сыныпқа баратын балалар үшін қуанышты жаңалықты жеткізді

Министрлік бірінші сыныпқа баратын балалар үшін қуанышты жаңалықты жеткізді

Фото: ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Қазақстанда бірінші сыныпқа баратын балалар үшін мектепалды даярлық бағдарламасы әзірленді, - деп хабарлайды Massaget.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Балақайлар мектебі" бірінші сынып алдында балалардың бастапқы мүмкіндіктерін теңестіру үшін ұйымдастырылған.
Ол мектепке дейінгі білім беру мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз етеді, балаларды мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасының барлық бағыттары бойынша мектепке алдын ала дайындауға мүмкіндік береді. Бағдарламаға Мемлекеттік жалпыға міндетті мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру стандартына сәйкес әзірленді.

"Бағдарламаны табысты іске асыру мақсатында мектептерде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, оларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Бағдарлама бойынша оқыту 1 айға арналған. Сабақтар күн сайын 30 минуттан 10 минуттық үзілістермен өткізіледі. Балаларға білікті бастауыш сынып мұғалімдері немесе мектепалды сынып мұғалімдері сабақ береді",
- дейді мектепке дейінгі білім беру департаментінің директоры Манар Адамова.

Айта кетейік, қысқа мерзімді дайындық процесі балалардың мектепке бейімделуін жеңілдетеді, сондай-ақ педагогтердің болашақ оқушыларымен жақынырақ танысуына көмектеседі.
22 шілде 2024 ж. 271 0

Үш облыста жол ашылады

08 желтоқсан 2025 ж. 151

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 116

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031