Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйектен бастап елімізде балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

1 қыркүйектен бастап елімізде балабақша тәрбиешілерінің жалақысы өседі

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда балабақша тәрбиешілерінің жалақысы 30%-ға өседі, деп хабарлайды zakon.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мектепке дейінгі білім департаментінің мәліметінше, мемлекет басшысының тапсырмасымен 2020 жылдың қаңтарынан 2023 жылдың қаңтарына дейін тәрбиешілердің жалақысы жыл сайын 25%-ға өсті.
"2023 жылғы 1 қыркүйектен бастап тағы 30%-ға өседі. Осылай, еліміздегі 97 мыңнан астам педагогтің жалақысы 2,5 есеге артады".
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі
Департамент директоры Наталья Жұмаділдаеваның айтуынша, Мемлекет басшысының қолдауының арқасында іске асырылатын педагогтердің жалақысын жыл сайын арттыру оң нәтиже берді.
"Мектепке дейінгі білім беру жүйесінің кадрлық әлеуетін күшейту мақсатында оларды даярлау, біліктілігін арттыру және аттестаттау жүйесін жетілдіру, әлеуметтік мәртебесі мен жалақысын арттыру бойынша министрлік жүйелі жұмыс жүргізуде. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды. Әдістемелік кабинеттер жанынан мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін мобильді топтар құрылды", – дейді ол.
"Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту" бағыты мен мамандығы бойынша кадрлар даярлау 39 жоғары оқу орны мен 119 колледжде іске асырылады. Колледждер өңірлік ерекшеліктерді ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдармен бірге "Педагог" кәсіби стандарты негізінде білім беру бағдарламаларын әзірлейді және оқу бағдарламалары мен жоспарларын жаңартады.
Педколледждерге қойылатын біліктілік талаптары қайта қаралып, биыл мектепке дейінгі білім берудің 20 мыңнан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді.
09 маусым 2023 ж. 473 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 130

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 125

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 111

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 110

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 115

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 106

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031