Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан әлем бойынша Coursera-да оқу белсенділігінен 18-орын иеленді

Қазақстан әлем бойынша Coursera-да оқу белсенділігінен 18-орын иеленді

фото: bizmedia.kz
Қазақстан Coursera-да оқыту белсенділігі бойынша әлемнің топ-20 қатарында тұр, деп хабарлайды Halyq Uni.

Қазақстан жаһандық дағдылар индексі бойынша 109 ел арасында 32-ші орынға ие болды. Бұл еліміздегі кадрлардың кәсіби дағдыларын дамытудағы бәсекеге қабілеттілігін көрсетеді, деп мәлімдеді Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Бұл индексті Coursera платформадағы 109 елдің білім алушыларының деректерін талдау негізінде қалыптастырды. Жаһандық дағдылар рейтингі Coursera-да дағдыларды меңгеруді бағалауға, елдің жаһандық инновациялар индексіндегі көрсеткіштеріне, жан басына шаққандағы ЖІӨ-ге, еңбекке қабілетті халықтың қатысу деңгейіне, адами капитал индексіне негізделген.

Coursera сонымен қатар платформада белсенді жұмыс күшінің пайыздық үлесі бойынша цифрлық чемпиондарды – әлемнің үздік 20 елін атады. Қазақстан платформада оқыту белсенділігі бойынша әлемде 18-орынға ие болды. Бұл жетістік еліміздің қолжетімді, заманауи оқытуға инвестиция салу арқылы экономикалық өсу мен бәсекеге қабілеттілікті ынталандырып қана қоймай, сонымен қатар азаматтарға өзгерістер жағдайында бейімделуге және табысқа жетуге мүмкіндік береді, – деп толықтырды ведомство.

Coursera рейтингтерінің нәтижелеріне сәйкесінше, әлемде генеративті жасанды интеллект (generative AI), цифрлық трансформация және автоматтандырудың маңыздылығы артып келеді. Егер 2023 жылы Coursera платформасының GenAI курсына минут сайын бір оқушы тіркелсе, 2024 жылға қарай бұл жылдамдық төрт есе өсті. Әлем бойынша GenAI курс тыңдаушыларының саны 1060%-ға өсті.

Еңбек нарығы мен дағдыларды дамытудың тағы бір тренді – 2027 жылға қарай әлем бойынша жұмысшылардың шамамен 60%-ы өз дағдыларын жаңарту үшін оқудан өтуі керек. Бұл қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптардың тез өзгеруіне байланысты. Бұдан басқа, 10 жұмысшының 9-ы 2027 жылға қарай цифрлық технологияларды меңгерудің белгілі бір деңгейіне жетуі тиіс.

Ғылым және жоғары білім министрлігі еліміздің барлық азаматы үшін сапалы білім мен кәсіби дамуға қолжетімділікті кеңейту жөніндегі бастамаларды қолдауды жалғастырып келеді. Мәселен, 2024 жылы студенттерді Coursera платформасында оқыту үшін барлық жоғары оқу орнына тегін лицензиялар берілді.
20 шілде 2024 ж. 197 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031