Қазақстанда жаңа мораторий енгізілмек
Фото: lawr.ru
Қазақстан үкіметі квазимемлекеттік сектор субъектілерін құруға мораторий енгізбек. Тиісті қаулы жобасы Ашық құқықтық актілер порталында жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мемлекет басшысының "Экономиканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы" жарлығын іске асыру шеңберінде 2026 жылы 31 желтоқсанға дейін мораторий енгізу ұсынылды. Қаулы жобасына сәйкес, осы уақытқа дейін Қазақстанда мыналарды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілерін құру мүмкін емес.
2024 жылдан бастап бизнесті тексеруге мораторий алынып тасталды: Кәсіпкерлер үшін не өзгереді
Премьер-министр бизнесті тексеруге мораторийді жоюға қатысты пікір білдірді
"Заңсыз алынған мүлікті мемлекетке қайтару туралы" заңның сақталуын қамтамасыз ету қажеттігі;
Қазақстан президентінің тікелей тапсырмасы бойынша ерекше істер.
"Жобаны қабылдау мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыруға, мемлекеттің кәсіпкерлік қызметке қатысуын азайтуға және жеке секторды дамытуға жағдай жасауға мүмкіндік береді", – делінген құжатта.
Қаулы жобасы 1 тамызға дейін талқыланады.
Айта кетейік, бұған дейін Алматыда қаланың егжей-тегжейлі жоспарына өзгеріс енгізуге мораторий жарияланғаны туралы жазған едік.