Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тағы да пандемия: ДДСҰ ескерту жасады

Тағы да пандемия: ДДСҰ ескерту жасады

Фото: Бауыржан Жуасбаев – архив
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Аданом Гебрейесус кез келген уақытта әлемде жаңа пандемия басталуы мүмкіндігін ескертті, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
Бұл туралы ұйым басшысы Женевада алдын алу туралы келісім жобасын әзірлеп жатқан үкіметаралық келіссөздер органының (IGNB) отырысында сөйлеген сөзінде мәлім етті.

- Қазіргі H5N1 (құс тұмауының) өршуі бізге келесі пандемияның кез келген уақытта келе салуы мүмкін екенін көрсетті. Ол кез келген уақытта келе алады. Ол бізді күтпейді, - деді Гебрейесус.

Айтуынша, кезекті пандемияның басталуына құс тұмауы себеп болуы ықтимал.

Сондай-ақ ол әлем елдерін құс тұмауын қадағалауды күшейтуге шақырды. Камбоджа мен Америка Құрама Штаттарындағы індеттің соңғы жағдайларын алға тартты.

Айтуынша, тәуекел топтарға жататындар: 60 жастан асқан адамдар мен медицина қызметкерлеріне жылына кемінде бір рет COVID-19-ға қарсы вакцинациялау қажет.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша әлемде апта сайын орта есеппен 1,7 мың адам қайтыс болады.
18 шілде 2024 ж. 243 0

Көңіл толқытқан трагедия

24 қаңтар 2026 ж. 139

Күймен көмкерілген кеш

24 қаңтар 2026 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031