Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын – ДДҰ

Коронавирус пандемиясы аяқталуға жақын – ДДҰ

Тедрос Гебрейесус барлық елді қауіпті топтағы азаматтарды вакциналауға шақырды. Пандемия таяу болашақта аяқталуы мүмкін. Бұл туралы сәрсенбіде Женевада өткен брифингіде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директоры Тедрос Гебрейесус мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty.tv ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Гебрейесустың айтуынша, өткен аптада әлемде COVID-19 салдарынан өлім-жітім 2020 жылдың наурызынан бергі көрсеткіштен минимумға дейін азайды. Спикер пандемиямен күресті марафонмен салыстырды: «Біз мәре сызығын көріп отырмыз. Жеңіске жақынбыз. Бірақ қазіргі қателік жүгіруді тоқтату болар еді».
Тедрос Гебрейесус барлық елді қауіпті топтағы азаматтардың, соның ішінде медицина қызметкерлері мен қарттарды толығымен вакциналауға шақырды. Оның айтуынша, бұл - әрбір мемлекеттегі халықтың кемінде 70% вакциналауға қатысты ДДҰ алға қойған мақсатқа жетудегі басым міндет.
ДДҰ мәліметі бойынша, өткен аптада әлемде 3,1 миллионнан астам адам COVID-19 жұқтырды, шамамен 11 мың адам қайтыс болды. Инфекция жұқтыру жағдайларының саны алдыңғы жеті күнмен салыстырғанда 28%, ал өлім-жітім 22% азайды.
15 қыркүйек 2022 ж. 1 316 0

Ана сүтінің маңызы

21 сәуір 2025 ж. 82

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930