Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар Таиландқа визасыз неше күнге бара алады?

Қазақстандықтар Таиландқа визасыз неше күнге бара алады?

Фото: pixabay.com
Қазақстан тұрғындары Таиландта визасыз 60 күн бол алады, - деп хабарлайды Massaget.kz Business Standart-қа сілтеме жасап.

Таиландтың Ішкі істер министрлігі 93 ел мен аумаққа, соның ішінде Қазақстан үшін визасыз режимді ұзарту жайлы шешім қабылдады. Бұған дейін Қазақстан азаматтары Таиландта тек 30 күн визасыз қала алатын.

"Бұл елдердің азаматтары Таиландқа туристік немесе қысқа мерзімді іссапарлар үшін визасыз 60 күн бола алады", - деді Ішкі істер министрлігінің өкілі Трайсури Тайсаранакул.

Ол сондай-ақ тұрғындары Таиландқа келіп виза ала алатын елдердің саны 19-дан 31-ге дейін артқанын айтты. Жаңа визасыз режимнің арқасында Қазақстан және басқа да елдердің саяхатшылары Таиландқа келерде және келгеннен кейін виза алмай кіре алады. Десе де, олар шекарада бақылаудан өтеді және олардың паспорты тексеріледі.

Еске салайық, саяхаттаушы қазақстандықтарға жазда баруға болатын 5 елді ұсынған болатын. Бұл тізімде Таиланд та бар.
17 шілде 2024 ж. 144 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 122

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 125

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930