Қазақстанда жұмыссыздарға белгілі мөлшерде төлем беріледі
Сурет: my-egov-kz
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі ұялы телефонға МӘСҚ-дан төлемді тағайындау жөніндегі қызметті проактивті форматта көрсетуге келісуге SMS-хабарлама жібереді. Жұмысынан айырылған қазақстандықтарға МӘСҚ қаражаты есебінен жоғалған табыстың белгілі пайызға дейінгі мөлшерде төлем беріледі, деп хабарлайды ақпарат агенттігі KYN.KZ ақпарат агенттігі.
Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жұмысынан айырылғандар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін әлеуметтік төлемдер ала алады.
Мұндай төлем алуы үшін:
eGov.kz порталындағы жеке деректі авторизациялау қажет;
"жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту" бөлімінде "жұмыс іздеп жүрген адамдарды тіркеу" қызметін таңдау керек;
барлық жолды толтырып, онлайн қызметке тапсырыс беру және өтінімді ЭЦҚ-ға қол қою арқылы жіберу керек;
бір күнде өтініш берушінің тұрғылықты жері бойынша мансап орталығы (бұдан әрі – КО) бос жұмыс орындарын ұсынады;
егер жұмыс табылмаса, 3 күнде қашықтан жұмыссыз мәртебесі беріледі (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін өтініш берушімен КО қызметкері хабарласады).
Бұл қызметті онлайн режимде электронды еңбек биржасы (enbek.kz) арқылы тапсыруға да болады.
Жұмыссыз ретінде тіркелгені туралы мәліметтер болған жағдайда Еңбек министрлігінің ақпараттық жүйесі ұялы телефонға МӘСҚ-дан төлемді тағайындау жөніндегі қызметті проактивті форматта көрсетуге келісуге SMS-хабарлама жібереді.
Келісім болған жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады. МӘСҚ қаражаты есебінен жұмысынан айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік төлем жұмыстан босату себептеріне қарамастан жүзеге асырылады. Бұл жұмыссыз адамды жұмыс іздеп жүрген кезінде қолдауға арналған.