Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанға жеті жылдан асқан автокөліктерді кіргізуге тыйым салынуы мүмкін

Қазақстанға жеті жылдан асқан автокөліктерді кіргізуге тыйым салынуы мүмкін

Фото: ашық дереккөзден
Қазақстанға шыққанына 7 жылдан асқан ескі көліктерді кіргізуге тыйым салынуы мүмкін. Утиль алымды қоғамдық талқылау кезінде осындай ұсыныс айтылды, деп жазады Qazaqstan Media Azattyq Rýhy сілтеме жасап.

Қазақстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдерге жеті жылдан асқан автөліктерді одақ аумағына әкелуге тыйым салу туралы ұсыныс жасамақ. Бұл туралы утиль алымы жөніндегі петицияның қоғамдық тыңдауында Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі интеграция және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Әділбек Бектібаев айтты.

«Жұмыс тобының қатысушылары жеті жылдан асқан көліктерді елге әкелуді шектеуді ұсынды. Біз бұған қарсы емеспіз. Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысына материалдарды енгізуге тырысамыз. Егер бес ел де бірауыздан бізді қолдаса, одақ аумағына мұндай автокөліктер кіргізілмейді. Бұл мәселені пысықтау міндетін біз өз мойнымызға аламыз», – деді Бектібаев.

Естеріңізге сала кетейік, утиль алымын алып тастау туралы петицияға 50 мың адам қол қойғаннан кейін, петиция үкімет деңгейінде қарау үшін тиісті мемлекеттік органға жолданды. 15-ші шілдеде Алматыда петицияның қоғамдық тыңдауы өтті.
16 шілде 2024 ж. 182 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031