Министрлік утиль алымына байланысты мәлімдеме жасады
Фото: depositphotos.com
Министрлік дау-дамайдың орынсыз екенін айтып, утиль алымы енгізілгеннен бері елімізде жаңа көліктердің көбейгенін мәлімдеді.
Ол туралы түсініктемеде:
"Отандық көлік паркінің жаңаруына бірінші кезекте утиль алымы мен бастапқы тіркеу алымын төлеудің енгізілуі айтарлықтай әсер етті. 10 жылдан асқан көліктердің саны азайып, өз кезегінде жасы 3 жылдан аз көліктердің үлесі артты.
Бұл фактор жол қауіпсіздігінің жақсаруына әкелді. 2022 жылы жол-көлік оқиғаларының салдарынан 15 мыңнан астам адам зардап шекті, бұл көрсеткіш бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 8,9%-ға өсті. 2023 жылдың қарашасында 13,2 мың тіркелген болса, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 %-ға төмен",-делінген.
2022 жылы Қазақстанға 350 мыңнан астам ескі көлік кіргізілген. Өткен жылы сатылған көліктердің көрсеткіштері 30,2%-ға, ал шығарылғандары 60,2%-ға өскен. Елімізде жаңа көліктер тұтынушылардың басым сұранысына ие.
Жаңа көліктердің көбеюі арқылы Қазақстандағы экология да жақсарады. Ведомство:
"Қазақстандық автомобиль өнеркәсібінің дамуындағы оң тенденция ірі көлік компанияларымен және автомобиль бөлшектерін шығаратын кәсіпорындармен бірлесе отырып, нарықты қажетті материалдармен ғана емес, жұмыс орындарымен, сонымен қатар жаңа өнімдермен қамтамасыз ететін жаңа зауыттардың ашылуымен де қолдау көрсетуде.
Автокөлік паркін жаңарту тек жол қауіпсіздігіне ғана оң әсер етіп қоймайды, ол қауіпсіздік жүйесі жақсырақ көліктерді таңдау мүмкіндігін беру арқылы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуға деген ұмтылысынан көрінеді.
Нәтижесінде, ішкі нарықта өндірісті ынталандыра отырып, экологиялық таза автомобильдерге кезең-кезеңімен көшу саясаты утиль алымымен және бастапқы тіркеумен расталған оңтайлы шешім",-деп мәлімдеді.
Елімізде утиль алымына қатысты қызу пікірталас жүріп жатыр. Қазақстандықтардың басым бөлігі 2016 жылдан бері енген алымға қарсылығын білдіріп жатыр. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі осыған орай түсніктеме берді,-деп хабарлайды Bugin.kz.