Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

Астана-Милан бағытында жаңа әуе рейсі ашылды

фото: Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайыАстана халықаралық әуежайы Милан мен Қазақстан астанасын байланыстыратын NEOS-тың жаңа рейсін қарсы алды, деп хабарлайды Halyq Uni.

13 шілдеде Италияның Қазақстандағы елшісі Альберти Марконың, сондай-ақ ҚР КМ Азаматтық авиация комитеті халықаралық байланыстар бөлімінің басшысы Әділет Майбасарұлы Көбеновтың қатысуымен Милан-Астана рейсінің ресми ашылуы салтанатты түрде өтті, деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы.

NEOS авиакомпаниясының рейстері Boeing 787 Dreamliner ұшағында орындалады. Бұл жолаушыларға Миланнан Қазақстанның астанасына және кері бағытқа жылдам әрі жайлы саяхаттауға мүмкіндік береді, – деп толықтырды әуежай.

Шара қонақтары екі астана арасында тікелей әуе қатынасының ашылуы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстар мен туризмді дамытуға септігін тигізетінін атап өтті. NEOS авиакомпаниясымен ынтымақтастық Қазақстанның азаматтық авиациясы және көлік-логистикалық саласының дамуына оң әсер етеді.
14 шілде 2024 ж. 357 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031