Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жыл басынан бері судан 131 адам құтқарылды

Жыл басынан бері судан 131 адам құтқарылды

Сурет: pxhere
Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов 11 шілдеде ОКҚ брифингінде судағы қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТЖМ мәліметінше, жыл басынан бастап патрульдеу өткізу барысында 131 адам құтқарылды, оның ішінде 35 бала.

«Елімізде 85 мыңнан астам өзен мен 48 мың көл бар. Оларды азаматтар шомылу, демалу және балық аулау үшін пайдаланады, онда әкімдердің шешімдерімен бекітілген 708 рұқсат етілген жаппай демалыс, туризм және спорт орындары жабдықталды, оның ішінде 167-і коммуналдық және 425-сі жеке жағажайлар, қалған 116 спорт және туристік мақсаттарға арналған",- деді Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитеті төрағасының орынбасары Ақылбек Ахметжанов.
Ол судағы сақталуы қажет бірнеше талаптарды айтты:
  • балаларды су айдындарының жанында қараусыз қалдырмауға және ересектердің қарауынсыз шомылуға жол бермеу; 
  • «Шомылуға тыйым салынады», «Сүңгуге тыйым салынады», «Қауіпті! Иірім» белгілері орнатылған жерлерде суға түспеңіз;
  • мас күйде шомылмаңыз:
  • Жүзудің шекарасын белгілейтін қалытқылардан асып кетпеңіз;
  • шағын көлемді кемелерге және басқа да жүзу құралдарына жақын жүзіп бармаңыз;
  • тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгімеңіз;
  • жүзу құралдарына құтқару күртешесінсіз отырмаңыз;
  • жүзуге арналмаған заттармен жүзбеңіз;
  • қайықтардан, катерлерден, айлақтардан, жартастардан, парапеттерден, қоршаулардан және басқа да заттардан, сондай-ақ осы мақсаттарға бейімделмеген құрылыстардан суға секірмеңіз. 
Апат болған жағдайда ҚР ТЖМ Дағдарыс жағдайлар басқармасының «112» телефоны бойынша көмекке жүгіну қажет.
Ол бұған дейін Қазақстандықтар суда қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін 62 миллион теңге айыппұл төлегенін айтқан болатын. 
11 шілде 2024 ж. 305 0

Маңызды ақпарат

07 желтоқсан 2025 ж. 115

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 170

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031