Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шомылу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

Шомылу кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

Бұл туралы онлайн-брифингте Астана ТЖД Азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы Азамат Құсайынов айтып берді, деп хабарлайды egemen.kz
Жаздың ыстық күндері жағажайда демалушылар қатары қалың болады. Сондықтан суда қауіпсіз демалу үшін тиісті ережелерді сақтау қажет.
«Бүгінде елордалық ТЖД шомылу маусымының ашылуына дайындықты белсенді жүргізуде. Шомылу маусымы кезеңінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласының әкімі «Шомылу маусымы кезеңінде Астана қаласы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын» әзірлеп, бекітті. Аудан әкімдіктерімен бірлесіп су айдындарында 10-нан астам ақпараттық стенд және шомылуға тыйым салынған жерлерде 100 тыйым салу қауіпсіздік белгісі орнатылды», деді спикер.
Құтқарушылар акциялар, конкурстар, интерактивті сабақтар арқылы судағы қауіпсіздік ережелері туралы мектеп оқушылары мен балабақша тәрбиеленушілеріне баяндайды.
Биыл Астанада шомылуға арналған 4 орын белгіленді: Орталық жағажай, «Три пескаря» демалыс аймағы, «Астаналық аула» және Ш.Бейсекова көшесіндегі көпір маңындағы коммуналдық жағажай. Су айдындарының рұқсат етілген және тыйым салынған учаскелерінің тізбесі «2gis» платформасында орналастырылған. Судағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған кезде тиімді шешімдер қабылдау мақсатында шомылуға тыйым салатын 21 учаскеде қосымша бейнебақылау камералары орнатылды.
«Шомылу кезеңінде күнделікті патрульдеуге 50 сүңгуір құтқарушы, 15 бірлік сүңгуірлік жарақтары бар жедел-құтқару техникасы, 6 бірлік жүзу құралдары тартылатын болады. Шомылу маусымы жыл сайын 1 маусымда ашылады. Арнайы жабдықталған орындарда: жағажайларда, бассейндерде және құтқарушылар патрульдейтін орындарда шомылған дұрыс», деп қосты Азамат Құсайынов.
25 мамыр 2023 ж. 342 0

Халық заңгері

24 мамыр 2024 ж. 117

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031