Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды

Қазақстанда шомылу маусымы аяқталды

Елімізде суға түсу маусымы ресми түрде үш айға созылады – 1 маусымнан 31 тамызға дейін, деп хабарлайды inform.kz.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жаз мезгілінде ведомствоның құтқарушылары судан 136 адамды құтқарды, оның 51-і – балалар. 177 адам суға батып кетті, оның ішінде 53-і – кәмелетке толмағандар. Өткен 2022 жылғы шомылу маусымында су айдындарында 184 адам көз жұмса, (-4%), соның ішінде 62-сі – кәмелетке толмағандар (-15%).
«Суға батқандардың 98 пайызы жабдықталмаған жағажайларда шомылған. Судағы өлімнің негізгі себептері – өз күштерін асыра бағалау, мас күйде шомылу, жүзе алмау. Ал балалардың суға кетуінің басты себебі – ересектердің оларды қараусыз қалдыруы», - дейді ТЖМ ресми өкілі Жанна Дәуренбекова.
Айта кетейік, жалпы республика бойынша шомылуға рұқсат етілген 612 орын бар. 4285 орын суға түсуге қауіпті деп танылып, демалысқа тыйым салынған орындар тізіміне енгізілген.
Тыйым салынған және рұқсат етілген шомылу аймақтары туралы деректер 2GIS платформасында орналастырылған.
06 қыркүйек 2023 ж. 248 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 142

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 136

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031