Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жаңа стильде жасалған қағаз ақшалар қашан қолданысқа беріледі?

Жаңа стильде жасалған қағаз ақшалар қашан қолданысқа беріледі?

Фото: ҚР Ұлттық Банкі
ҚР Ұлттық банкі Қолма-қол ақша айналысы департменті "Сақ стилінде" жасалған он мың теңгелік банкноталардың қашан қолданысқа берілетінін айтты, деп хабарлайды Bugin.kz порталы.

Бас дизайнер-маманы Санжар Нұрқасымов ақшалардың қазақы ою-өрнектің бастау негізі саналатын және көшпенділердің бірегей мәдениетінен бастап бүгінгі Қазақстанға дейінгі ел мұрасын бейнелейтін "Сақ стилі" элементтеріне негізделгенін атап өтті.

"Бұл жаңа банкноталар күзге қарай жаппай таралады. Алдағы күндері айналымға шыққаннан кейін, екінші деңгейдегі банктер оны адаптацияға алады. Яғни бүкіл кассалық техника, банкоматтар мен терминалдар жаңа ақшаға қатысты тиісті бейімдеуден өткеннен кейін, шамамен қыркүйек айында ел халқының қолына тиеді. Жалпы, жаппай таралым бойынша Ұлттық банк ресми жариялайды", - деді бас маман.

Жаңа банкноталар 2024 жылғы 28 маусымнан бастап айналымға енеді және айналымда жүрген 2012 жылғы үлгідегі номиналы 10 000 теңгелік ұлттық валюта банкноталарымен екі жыл бойы ауыстырылмақ.
26 маусым 2024 ж. 571 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930