Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қазанда дизайны жаңа 20 000 теңгелік банкнот қолданысқа енеді

1 қазанда дизайны жаңа 20 000 теңгелік банкнот қолданысқа енеді

Онда Тәуелсіздік жылдарын білдіретін "30" саны бейнеленген.2022 жылғы 1 қазанда Қазақстан Ұлттық банкі номиналдық құны 20 000 теңгелік банкнотты айналымға шығарады, деп хабарлады Қазақстан Ұлттық банкі.
Банкнот айналымдағы ақша белгілерімен бірыңғай стильде жасалған. Мысалы, бет жағында көбіне тігінен орындалған бейнелер, сырт жағында көлденең орындалған бейнелер орналасқан. Дизайны номиналдың голографиялық бейнесі тігінен орналасқан металсыздандырылған жолақты қолдана отырып жасалған.
Банкноттың 25 қорғаныш элементі бар, мөлшері 155х79 мм және сұр түске басымдық берілген.
Бет жағында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері, "Қазақ Елі" монументі, "Мәңгілік Ел" салтанат қақпасы, "Басқұр" қазақ ұлттық ою-өрнегінің фрагменті және Тәуелсіздік жылдарын білдіретін "30" саны бейнеленген.
Банкноттың екінші бетінде Астананың және Ақорда резиденциясының панорамалық көрінісін көруге болады.
Номиналы 20 000 теңгелік жаңа дизайндағы банкнот өз құнына сай Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрі бойынша қабылдауға, сондай-ақ елдегі банктерде банктік шоттарға есепке алуға және аударуға, ұсақтауға, айырбастауға жатады.
Жаңа купюра "Қазақ Елі" сериясымен ұсынылған қазіргі таңда айналымда бар 500, 1 000, 2 000, 5 000 және 10 000 теңгелік номиналдағы банкноттардың қатарын толықтырады.
30 қыркүйек 2022 ж. 606 0

Ауданда ахуал тұрақты

20 сәуір 2025 ж. 117

ОТБАСЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

19 сәуір 2025 ж. 115

Ерліктің ерен үлгісі

19 сәуір 2025 ж. 112

Жазықсыздың наласы

19 сәуір 2025 ж. 99

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930