Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Аида Балаева: Құрбан айт – достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін мейрам

Аида Балаева: Құрбан айт – достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін мейрам

Фото:  El.kz – Арман Мухатов
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева барша мұсылман қауымын Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Құрметті достар!

Баршаңызды шын жүретен әлем мұсылмандарының қасиетті мейрамы – Құрбан айт мерекесімпн құттықтаймын! Бұл жарқын мейрам мейірімділікті, жомарттықты және бірлікті білдіреді, халқымыздың маңызды рухани және мәдени дәстүрлерін айшықтайды.

Құрбан айт мейрамының дәстүрінде – игі істерді жасау, мұқтаж жандарға көмек көрсету, азап шегушілерге қайырымдылық көрсету, адамгершілік қадір-қасиетке құрмет көрсету бар.

Мемлекет басшысы елдегі ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға ерекше назар аударады.

Құрбан айт – Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға ықпал ететін мейрамдардың бірі.

Біз бәріміз – біртұтас елдің азаматтарымыз және тек төзімділік пен әр этностың мәдениеті, әдет-ғұрыптары мен дәстүрлеріне құрмет көрсету әрқайсымыздың дамуына, әр үйдегі бейбітшілікке, демек, мемлекетіміздің берекесі мен өркендеуіне кепілдік береді.

Бұл күн сіздерге қуаныш, бақыт және игілік әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік және молшылық тілеймін. Үйлеріңіз махаббат пен келісімге, жүректеріңіз мейірімділік пен нұрға толы болсын.
16 маусым 2024 ж. 106 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031