Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Географиядан халықаралық олимпиадада оқушылар екі медаль жеңіп алды

Географиядан халықаралық олимпиадада оқушылар екі медаль жеңіп алды

IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада қазақстандық оқушылар алтын және қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды baq.kz
Индонезияның Бандунг қаласында IGeO-2023 географиядан халықаралық олимпиада өз мәресіне жетті.
Ел намысын география пәнінен республикалық олимпиаданың төрт жеңімпазы қорғады. Олар үш тур бойынша жарысты: жазбаша тест, мультимедиялық тест және практикалық тапсырма.
Халықаралық олимпиада қорытындысы бойынша медальдар қоржыны екі жүлдемен толықты: Алтын – Санжар Хамитов – Ақтөбе қаласындағы НЗМ 11 сынып оқушысы; Қола - Арсен Сыдықов –Шымкент қаласындағы НЗМ 10 сынып оқушысы, - деп жазды Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.
IGeO алғаш рет 1996 жылы Халықаралық географиялық одақтың (IGU) қолдауымен Гаагада өткізілген болатын.
Қазақстан құрама командасы олимпиадаға 2012 жылдан бері қатысып, барлығы 3 алтын, 1 күміс және 4 қола жеңіп алды. Олимпиаданың негізгі міндеттері – оқушылардың географияға және қоршаған орта туралы ғылымдарға қызығушылығын ынталандыру, халықаралық өзара байланысты нығайту.
14 тамыз 2023 ж. 438 0

Төл спорт төрге озды

14 қазан 2025 ж. 143

Ай да, күн де жақсы ғой...

14 қазан 2025 ж. 128

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031