Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі
«Бүгінгі Астана - ұлттық идеяның темір қазығы, ұлттың рухани, әлеуметтік түлеуінің қозғаушы күші» деген болатын Н.Ә.Назарбаев.
Астана қаласының 20 жылдығына орай 8 маусым күні Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжінде «Қоғамдық пәндер» бірлестігінің тарих пәнінің оқытушысы Раймбердиев Мейрамбектің «Астана – жаңаның жаршысы, Тәуелсіздігіміздің табысы» апталығы барысында ұйымдастырылған «Астана - Отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» атты танымдық кеш өткізілді.
Кештің мақсаты: Астана қаласының көрікті жерлерін таныстыру және отансүйгіштікке, Отанын қадірлеуге үйрету; жастардың бойында ұлтжандылық қасиеттерді қалыптастыру.
Аталмыш шарада М.Раймбердиев: Астана қаласы Қазақстанның жаһандық брендіне айналып, дүниежүзіндегі әсем де жас қала ретінде танылғанын,тәуелсіздігіміздің перзенті жаңа әлемдегі Қазақстанның жарқын бейнесі Астана екендігін айтып өтті. Кеште Астананың бүгінде қарыштап дамып, күннен-күнге гүлденген құрылыс кешендерін бейне баян арқылы көрсетіліп таныстырылды. №5 Кенттік кітапхананың кітапханашысы Алмагүл Орынбай «Асқақта, абаттан - Астана» атты кітап көрмесімен таныстырды. Танымдық шарада І.Хасанғалиевтің «Атамекен» әнін №74 топ студенттері шырқады.
Кеш соңын директордың оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Ералы Серік Талқанбайұлы Арманның асқарындай Астанамыздың мерейтойымен құттықтап,кешті қорытындылады.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат