Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Тасқын су басқан республикалық жолдарды жөндеуге 8,5 млрд теңге керек – Марат Қарабаев

Тасқын су басқан республикалық жолдарды жөндеуге 8,5 млрд теңге керек – Марат Қарабаев

Фото: «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ баспасөз қызметі
Қазір су шайған жолдарды жөндеу алдында диагностика жұмыстары жүріп жатыр. Толығырақ Көлік министрі Марат Қарабаев айтып берді.

«Тасқын су астында қалған 11 жол учаскесі бар, олардың ұзындығы – 33 шақырым. Кейбір жол учаскелерін су шайып кетті, кейбір жолды ағын суды жіберу үшін қолдан бұздық. Республикалық маңызы бар жолдар бойынша қалпына келтіру құны шамамен 8,5 млрд теңгені құрайды», - деді Мәжілістің алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген Марат Қарабаев.

Министрдің айтуынша, қазір су басқан жолдарға диагностика жүргізілуде.

«Жергілікті маңызы бар жолдар бойынша 275 учаскені су шайды, оған қосымша 20 млрд теңге бөлінеді. Қазір су басып қатынассыз қалған жол учаскелері жоқ, барлық учаскесі қалпына келтірілді», - дейді ол.

Бұған дейін М. Қарабаев Vietjet Air әуе компаниясы Qazaq Air-дың 38 млрд теңге қарызын жапқанын айтқан еді.
29 мамыр 2024 ж. 233 0

Бәрі бала болашағы үшін

12 сәуір 2025 ж. 131

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930