Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су басқан өңірлерде 356 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана берілді

Су басқан өңірлерде 356 отбасыға қираған үйдің орнына жаңа баспана берілді

Фото: © istockphoto.com
Су тасқынынан зардап шеккен облыстарда 356 отбасы қираған баспанасының орнына жаңа үй мен пәтер алды. Мың жарымға жуық үйдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Үкіметтің баспасөз қызметінің ақпаратынша, бүгінгі таңда 29 625 отбасы 10,7 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды, барлығы 30 912 өтінім қабылданған.
Бұл жұмыстар Қостанай, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, Абай және Ұлытау облыстарында толығымен аяқталды. Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында жалғасып жатыр.
«Зардап шеккен өңірлерде 8 863 нысан бойынша залалды бағалау жұмыстары аяқталды. 356 отбасы жаңа үйлер мен пәтерлерге ие болды. 1 472 үй салынып жатыр. 1 389 үйде жөндеу жұмыстарын жүргізуге 5,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. 3 804 отбасы материалдық шығын үшін жалпы сомасы 657 млн теңгеге өтемақы алды», - делінген хабарламада.
Мал шығыны үшін берілген төлем көлемі 1,6 млрд теңгеге жеткен.
Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және тұрақты бақылауға алынған, деп сендірді үкімет.
24 мамыр 2024 ж. 256 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930