Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Қазақстандағы су тасқыны: қанша отбасы жаңа баспанаға ие болды?

Фото:depositphotos.com
Су тасқынынан кейін 202 қазақстандық отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтер алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ҚР Үкіметі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биылғы көктемде орын алған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
    "Бүгінде 24 641 отбасы 9,3 миллиард теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 миллиард теңгеден асты.
    17 мамырдағы жағдай бойынша, бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр", - делінген хабарламада.
Сонымен қатар, 596 отбасына 878 миллион теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілген.
17 мамыр 2024 ж. 277 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30