Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы жаңа баспана алды

Су тасқынынан зардап шеккен 202 отбасы жаңа баспана алды

© Sputnik / Антон Денисов

Үкімет Тоқаевтың тапсырмасы бойынша биыл көктемде болған ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген шығынды өтеу жұмыстарын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды премьер-министрдің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 24 641 отбасы 9,3 млрд теңгеден астам сомаға 100 АЕК мөлшерінде біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін берілген мемлекеттік көмек көлемі 1,3 млрд теңгеден асты.

17 мамырдағы жағдай бойынша бүгінде 202 отбасы қираған баспанасының орнына тұрғын үй мен пәтерге ие болды. Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында зардап шеккен азаматтарға арналған 658 жаңа үй салынып жатыр.

Сонымен қатар 596 отбасына 878 млн теңгеден астам сомаға тұрғын үйді жөндеуге және қалпына келтіруге өтемақы төленді. Зардап шеккен өңірлерде барлығы 10 740 тұрғын үй тексеріліп, 8 168 нысан бойынша бағалау жүргізілді.

Келтірілген зиянды өтеу жұмыстары жалғасуда және үкіметтің қатаң бақылауында.
17 мамыр 2024 ж. 324 0

Азаматтар алғысқа бөленді

16 қыркүйек 2025 ж. 119

Шаршы алаңдағы шеберлік

16 қыркүйек 2025 ж. 107

Еңсесін тіктеген елді мекен

16 қыркүйек 2025 ж. 114

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930