Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамында қанша күн демалады

Қазақстандықтар Құрбан айт мейрамында қанша күн демалады

 коллаж Almaty.tv
Маусымда қазақстандықтар Құрбан айт мейрамын тойлайды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Құрбан айт мейрамы 17 маусымда дүйсенбіге келіп тұрғандықтан, бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 15,16 және 17 маусым демалады.

Анықтама үшін:
Мұсылмандардың айтулы мерекелерінің бірі Құрбан айт Ораза аяқталғаннан кейін 70-ші күні келеді. Ай күнтізбесі бойынша есептеулер жыл сайын шамамен 10 күндік айырмашылықпен өзгереді. Араб тілінен аударғанда мерекенің атауы «Құрбан мейрамы» дегенді білдіреді.
Бұл күні мұсылмандар малдың бірін: қой, сиыр, қошқар немесе түйені құрбандыққа шалады.
Құрбан шалды орындаған адам отбасының берекелі өмір сүруін қамтамасыз етті деп саналады.
Мұсылмандар үшін ең маңызды күн – Құрбан айттың бірінші күні. Бұл күні мешіттерде айт намазы оқылып, алғашқы күні діндарлар бір-бірін құттықтап, дастарханға шақырады.
23 мамыр 2024 ж. 207 0

Ұлттық тәрбие құндылығы

07 қыркүйек 2024 ж. 70

Зейін неге тұрақсыз?

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Бірлік пен берекенің ұясы

07 қыркүйек 2024 ж. 69

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30