Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде енді тастанды сәбидің келіп түскенін хабарламаған медициналық ұйымдар жауапқа тартылады

Елімізде енді тастанды сәбидің келіп түскенін хабарламаған медициналық ұйымдар жауапқа тартылады

Фото: Pixabay.com
Енді елімізде жаңа туған сәбиді тастап кеткенін хабарламаған медициналық ұйымдар мен балалар үйінің қызметкерлері жауапқа тартылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалған баланы қабылдағандарын балалар үйі немесе медициналық ұйымдар құзырлы органдарға хабарлауға міндетті. Әйтпесе айыппұл салынып, қамауға алынуы мүмкін.

Одан бөлек құлдық пен жезөкшелік құрбандарына өтемақы төленбек. Притон ұстау мен жеңгетайлық ауыр қылмыс қатарына жатқызылады. Себебі заңға "адам саудасымен байланысты қылмыстар" ұғымы енгізіліп, "кісіні қанау" түсінігі кеңейтіледі.

Ішкі істер министрлігінің дерегінше, өткен жылы адам саудасына қатысты 93 қылмыстық іс тіркелген. Оның 67-і "жеңгетайлық", яғни сексуалдық сипаттағы ақылы қызметтерді ұсынатын притондар ұстау. Әрі "жеңгетайлық" қызметті "интернет желісі арқылы" жасау деген де саралау үлгісі пайда болады. Сәйкесінше, ол үшін де қылмыстық жауапкершілік қарастырылмақ.

“Қазір адам саудасының айналымы 270 миллиард долларға жеткен. Тіпті есірткі бизнесінен асып түсіп отыр. Сұмдық! Бұл түсінікке құлдық та, ағза мүшелерінің саудасы да, қайыр сұрау, жезөкшелік те кіреді. Яғни бұл – адамның материалдық, психологиялық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып, қанау. Ол жұмыссыз, баспанасыз, не құжаты жоқ кісі болуы мүмкін. Сондықтан "адам саудасының ықтимал құрбаны" деген жаңа ұғым енгізіліп отыр”, – деді парламент мәжілісінің депутаты Марат Башимов.

Сондай-ақ былтыр адам сатуға байланысты 19 дерек анықталған. Сәйкесінше, әр фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, басым бөлігі бойынша шешім шығарылған. Нәресте саудасы үшін шамамен 16-17 адам жазаланған. Қыздарды шетелдік притондарға сатқан 17 адам жауапқа тартылды. Сәбилер мен кәмелет жасына толмағандарды саудалағаны үшін қылмыскер 18 жылға сотталады.

“Биыл сәби саудасына қатысты үш дерек тіркеліп отыр. Бәрі дерлік Қазақстан аумағында болған. Саудаға түскен сәбилердің бағасы 100 мың теңгеден бастап, 2 миллион теңгеге дейін барады”, – деп мәлімдеді ішкі істер министрінің орынбасары Марат Қожаев.

Адам саудасына қарсы іс-қимыл органдарының әрекеттесу қағидаларын реттеу жоспарланып отыр. Құлдық пен жезөкшелік құрбандарына қажетті көмек көрсетілуі үшін әлеуметтік арнаулы қызметтер ұсынылады. Жаңа заң жобасына сәйкес адам саудасына байланысты қылмыстарға қатысушылардың татуласу мүмкіндігі жойылады.

23 мамыр 2024 ж. 144 0

Әкім есебі: іс пен нәтиже

14 қыркүйек 2024 ж. 34

Отбасы – ұлттың тірегі

14 қыркүйек 2024 ж. 34

Сұранысқа ие сапалы өнім

14 қыркүйек 2024 ж. 37

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30