Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілді

Теңіз инфрақұрылымын дамытудың кешенді жоспары бекітілді

Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі
Теңіз инфрақұрылымын дамытудың 2024-2028 жылдарға арналған кешенді жоспары қабылданды, деп хабарлайды BAQ.KZ Көлік министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кешенді жоспар аясында Ақтау және Құрық порттарының базасында ірі теңіз көліктік-логистикалық кластерін құру көзделген. Бұл контейнерлерді өткізу қабілетін арттыруға, жүктерді ауыстырып тиеу терминалдарын және халықаралық тасымалдардың логистикасын дамытуға, сондай-ақ әкімшілік кедергілерді едәуір азайтуға мүмкіндік бермек.

Биыл Құрық портының акваториясын тереңдету және Ақтау портында контейнерлік хаб салу жұмыстары басталады. Жобалардың негізгі үлесі жеке инвестициялар есебінен салынбақ. Оның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту шеңберінде жоспарланған инвестициялар да бар.

2028 жылға дейін порттардың өткізу қабілеті 50 пайызға артады. Ал контейнерлерді өткізу қабілеті 3 есе артады деп көзделген.
22 мамыр 2024 ж. 87 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 67

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 62

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930