Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл қай мамандықтарға грант көп бөлінеді

Биыл қай мамандықтарға грант көп бөлінеді

Фото ашық дереккөзден
Биыл бакалавриат деңгейіне 78 219 білім гранты бөлінеді. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева айтып берді, деп хабарлайды Buqara.kz сайты Kazinform сайтына сілтеме жасап.
«2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Түлектер қандай бағыттар, білім беру бағдарламаларының қандай топтары бойынша қанша грант бөлінгенін көре алады. Биыл Ғылым және жоғары білім министрлігінің желісі бойынша бакалавриат деңгейіне 78 219 грант, магистратура деңгейіне – 13 119 және докторантура деңгейіне – 1 919 грант бөлдік», - деп толықтырды Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева.

Оның айтуынша, биыл гранттардың ең көп саны инженерлік-техникалық бағыттарға беріледі. Бұл Мемлекет басшысының мемлекеттік тапсырыстың 60%-дан астамын техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлауға беру тапсырмасына сәйкес жасалған.

«Инженерлік ғылымдар, құрылыс ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, жаратылыстану ғылымдары, математика, статистика – мұның барлығы мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің шамамен 60% құрайды», - деп нақтылады спикер.

Сонымен бірге, педагогикалық бағыттарға 13 мың грант бөлінді.
22 мамыр 2024 ж. 125 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30