Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Биыл докторантураға түсу үшін 2 мыңға жуық грант бөлінді

Биыл докторантураға түсу үшін 2 мыңға жуық грант бөлінді

фото: ашық дереккөзден
Биыл бакалавриатқа 78 219 грант, ал докторантураға түсу үшін 1 919 грант бөлінді. Бұл туралы Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының орынбасары Жанна Есинбаева айтты, деп хабарлады Elorda.info.
«2024-2025 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Түлектер қандай бағыттар, білім беру бағдарламаларының қандай топтары бойынша қанша грант бөлінгенін көре алады. Биыл Ғылым және жоғары білім министрлігінің желісі бойынша бакалавриат деңгейіне 78 219 грант, магистратура деңгейіне – 13 119 және докторантура деңгейіне – 1 919 грант бөлдік», - деді Жанна Есинбаева.
Оның айтуынша, осы жылы гранттардың ең көп саны инженерлік-техникалық бағыттарға беріледі. Бұл Мемлекет басшысының мемлекеттік тапсырыстың 60%-дан астамын техникалық бағыттар бойынша мамандар даярлауға беру тапсырмасына сәйкес жасалды. 
«Инженерлік ғылымдар, құрылыс ғылымдары, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ақпараттық қауіпсіздік, жаратылыстану ғылымдары, математика, статистика – мұның барлығы мемлекеттік тапсырыстың жалпы көлемінің шамамен 60% құрайды», - деп нақтылады спикер. 
Педагогикалық бағыттарға 13 мың грант бөлінді

16 мамыр 2024 ж. 247 0

Назым Қызайбай - финалда

13 қыркүйек 2025 ж. 117

Қазалыдағы қарбалас тірлік

13 қыркүйек 2025 ж. 113

Тілге құрмет – елге міндет

13 қыркүйек 2025 ж. 104

Тұрғындар тілегі назарда

13 қыркүйек 2025 ж. 108

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930