Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлы дала жорығы - 2024»: Бірінші кезең аяқталды

«Ұлы дала жорығы - 2024»: Бірінші кезең аяқталды

Фото: Тажкуранов М.
19 мамыр күні ат спорты әуесқойлары мен еліміздің әр өңірінің өкілдерін біріктіретін спорттық сайыс қазақтың көрнекті геолог-ғалымы Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына арналып отыр. Кеше «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің бірінші кезеңі аяқталды. Таңғы 7:00-де 19 команда Павлодар қаласы маңындағы «Атамекен» елді мекенінен Екібастұзға аттанды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бәйге-марафонның жалпы жол қашықтығы 500 шақырымды құрайды. Бәйге Павлодарда басталып, Ақмола облысында жалғасады. 23 мамыр күні марафон Астана қаласында аяқталады.

Жорық бағдарламасына сәйкес, командалар марафон-бәйгенің алғашқы 100 шақырымын бағындырып, бірінші кезеңнің мәресі Екібастұз маңында аяқталды.

Алғашқы кезең қорытындысы бойынша, Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңімпаз атанды. Маңғыстау облысының шабандоздары мәре сызығына екінші болып кессе, Солтүстік-Қазақстан облысының командасы үштікті түйіндеді.

Алғашқы кезеңде бірден Алматы, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласынан келген командалар жарыстан түрлі себеппен шығып қалды.

«Аттардың шама-шарқын бағамдаған шабандоздар сәйгүліктерін қинамай, дер кезінде жарысты тоқтатқандары жақсы шешім болды», деді Бас төреші Надежда Купцова.

Бүгін басталатын 2-кезеңді 16 команда жалғастырады.

100 км қашықтықты командалар мына мерзімде жүріп өтті:

    ШҚО - 5 сағ. 47 мин.
    Маңғыстау облысы - 5 сағ. 49 мин.
    СҚО - 5 сағ. 51 мин.
    Жамбыл облысы - 5 сағ. 52 мин.
    Жетісу облысы - 5 сағ. 55 мин.
    Алматы қаласы - 6 сағ. 09 мин.
    Ақмола облысы - 6 сағ. 23 мин.
    Павлодар облысы - 6 сағ. 29 мин.
    Қостанай облысы - 6 сағ. 30 мин.
    Астана қаласы - 6 сағ. 35 мин.
    Абай облысы - 6 сағ. 35 мин.
    Түркістан облысы - 6 сағ. 39 мин.
    Қарағанды облысы - 6 сағ. 40 мин.
    Ұлытау облысы - 6 сағ. 55 мин.
    БҚО - 6 сағ. 57 мин.
    Команда «Рекорд».

Алғашқы үш жеңімпаз 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдында 3-7 қыркүйек аралығында өтетін халықаралық марафон-бәйгеге қатысуға лицензия алады. Халықаралық кезеңге шет мемлекеттерден кемінде 15 команда қатысады деп жоспарланып отыр (Түркия, Сауд Арабиясы, Моңғолия, Венгрия, Түрікменстан, Иран, Өзбекстан және т.б.).

Ал марафон жұмысына 2 халықаралық және 3 ел судьясы, сондай-ақ 2 халықаралық және 3  жерлес мал дәрігері қатысып жатыр. Олар жоғары стандарттарды сақтау мен жылқылардың денсаулығын бақылайды.
Айта кетейік, өткен екі жыл қатарынан елімізге есімі белгілі әуесқой велошабандоз Раббим Борашов аттылы шабандоздармен бірге Астанадан Түркістанға дейінгі 1200 және 1300 шақырымды бағындырған еді. Спортшы бұл жолы да 5 күндік аламанға қатысып, 500 шақырымды бағындыруды межелеп отыр.

500 шақырымдық бәйге-марафонын Ұлттық спорт қауымдастығы мен «AMANAT» партиясы, Павлодар облыстық әкімдігі, ҚР Туризм және спорт министрлігі бірлесіп өткізіп жатыр.


20 мамыр 2024 ж. 147 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031