Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » «Ұлы дала жорығы»: ертең финал!

«Ұлы дала жорығы»: ертең финал!

Соңғы 50 шақырым қалды
Қостанай командасының Үкіметке қандай айтары бар?
18 қыркүйекте «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің 13-кезеңі ел мен жердің абырой-беделі үшін тау қопарып, тас тескен елжанды еңбек майталмандарының қалашығы Кентауда аяқталды.
13 кезең қорытындысы бойынша, Жетісу облысының командасы жеңімпаз атанды. Ақтөбелік шабандоздар мәре сызығын екінші болып кессе, Алматы қаласының командасы финишқа үшінші болып жетті. Нағыз жүзден жүйрік анықталатын аламан бәйгенің 1250 шақырымы артта қалды.
Сонымен қатар жорықтың аяқталуына 2 күн қалғанда Түркістан, Қостанай облыстарының командасы аттарыныңболдырып қалуына байланысты жорытуын тоқтатты.
Қостанай облыстық Ат спорты федерациясының вице-президенті Нұрбол Әбдірахманов бұл жолғы жорықта жеңімпаз атану бұйырмаса да, жалғыз қазақстандық зауыттық жылқы тұқымы – Қостанай тұқымының атын шығару мақсатымыз орындалды деп отыр.
«Қостанай жылқы зауытына биыл 135 жыл толса, Қостанай асыл тұқымы жылқысына 72 жыл толды. Ол – қазақтың жалғыз асыл тұқымды жылқысы. Алпыс жыл бойы ғалымдардың үздіксіз еңбегінің арқасында асыл тұқымды Қостанай жылқысы дүниеге келді.Өкінішке қарай, бүгінде Қостанай тұқымы жылқыларының жойылып кету қаупі бар. Кезінде 44 мың басқа жеткен Қостанай жылқысынан бүгінде небәрі 200-дей қалған. 10 жылдан бері жирен қасқа тұқымын көбейту жұмысы тоқтап тұр. Жылқы тұқымын зерттейтін, нано технологиямен жабдықталған зертханалар қаңырап бос тұр. Мұнда жалақының аздығынан ғылыммен айналысатын мамандар түгілі, жылқышылардың өзі сиреп барады. Тұралап қалған кәсіпорынды аяқтан тұрғызып, жирен қасқалардың тұқымын көбейту үшін Үкімет тарапынан қолдаукерек», – деді Н.Әбдірахманов.
Он үшінші күннің қорытындысы бойынша командалардың жалпы уақыты:
Жетісу облысы – 90 сағат 54 минут 15 секунд
Ақтөбе облысы – 92 сағат 13 минут 32 секунд
Алматы қаласы – 100 сағат 53 минут 33 секунд
Абай облысы – 108 сағат 40 минут 48 секунд
«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің жалпы жүлде қоры – 65 млн теңге. Жеңімпаз командаға 30 млн теңге, 2-орынға 20 млн теңге, ал 3-орынға 15 млн теңге бекітілген. Айта кету керек, жүлде қоры жеңімпаз команда мүшелеріне теңдей бөлінеді. Біріншіорынға 30 миллион теңгеболса, әр команда мүшесіне 6 миллион теңгетиесілі. Жеңімпаз команда мәрегетолыққұрамменкелмей-ақжүлделіүшорынныңбіріниеленгенжағдайда, оларғатиесіліжүлдеқорыбелгіленгентәртіппенпропорционалдытүрдеазаяды. Артылғанқаражат осы жорықтаерекшеқырынанкөрінгенбасқақатысушыларғаарнайы номинация аясындатағайындалады. Дегенмен, ат құлағында ойнайтын сері жігіттер үшін жүлде қоры маңызды емес. Командалық есептен шығып қалса да, өздері мен тұлпарларын сынау үшін 9 шабандоз жарысты жалғастыруға бел буған.
Сонымен қатар Астанадан Түркістанға дейінгі 1300 шақырымды бастан-аяқ 1 атпен еңсеруді мақсат еткен «Рекорд» командасының нәтижесіне тоқталсақ, Маңғыстау облысының жылқысы 1250 шақырымды 97 сағат 10 минут 38 секундта бағындырды. Ал Жетісу облысының тұлпары 98 сағат 28 минут 35 секундта еңсерді. Үшінші, астаналық сәйгүліктің уақыты 101 сағат 33 минут 18 секундты құрайды.
Айта кету керек, қазақ жылқысының атын Гиннес рекордтар кітабына енгізуді көздеген азаматтарға төрешілер шешімімен қомақты жүлдеқоры бекітілген. 1-орынға – 2 миллион теңге, 2-орынға – 1,5 миллион теңге, 3-орынға – 1 миллион теңге беріледі. Бұл команда діттеген мақсатына жетсе, келесі жылғы жорыққа Гиннес рекордтар кітабының өкілдерін шақырту жоспарда бар.
1300 шақырымдық марафон-бәйгенің жеңімпаздарының есімі ертең «Түркістан-арена» стадионындабелгілі болады.4 команда 19 қыркүйекте таңғы сағат 7:00-ден бастап соңғы межені еңсеруге аттанады. Марапаттау рәсімі кешкі сағат 18:30-ға жоспарланған. «Ұлы дала жорығы» республикалық марафон-бәйгесінің бас серіктесі – «Sport Qory» туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры.
"ҚАЗАЛЫ"ақпарат

19 қыркүйек 2023 ж. 174 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031