Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұлт құндылығын ұлықтаған ұжым

Ұлт құндылығын ұлықтаған ұжым


Қазақ құндылығы ұлтжанды азаматтар мен дәстүрін дәріптеген оқушылар барда ешқашан өшпек емес. Кеше Үрмаш батыр ауылында Б.Әбдіразақов атындағы № 88 орта мектепте «ДӘСТҮР МЕН ҒҰРЫП" жобасы аясында "ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚ - ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ» атты аудандық семинар өтті.
Қазақтың қос батырының қақпа есігін ашуымен басталған семинарға ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешов, мектеп директорлары мен ұстаздар қатысты. Жиында сөз алған бөлім басшысы Әділхан Оңдасынұлы ұллттық болмысын жоғалтпаған, рухы асқақ, адами құндылықтарды әрдайым биік ұстайтын ұлтжанды ұрпақ тәрбиелеуде мұндай шараның маңызы зор екенін тілге тиек етті. Ә. Жөлекешовтың айтуынша, ұлтымыздың рухын асқақтатуда келешекке кемелді мұра қалдыру, сана сезімі оянған тұлға қалыптастыруда салт-дәстүр мен педагогиканың үздік үйлесімін табуы керек.
Семинар барысында "Ұлттық құндылықтар" көрмесі таныстырылды.
"Қаймағы бұзылмаған ауылым" деген атаумен меймандар ата-әжелер мектебі,
"Ұлттық құндылық - білім бастауының қайнар көзі", шебер сыныптар мен аударыспақ ойынының куәсі болды.

Ал театр жобасы аясында бәсіре атау дәстүрі жайын көрсететін қойылым көпшілікті бейжай қалдырмады. Семинар-жиын ұжымның орындауындағы мектеп гимнімен тәмамдалды.
"ҚАЗАЛЫ" ақпарат
18 мамыр 2024 ж. 260 0

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031