Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Оқу-ағарту министрі "алтыннан" үмітті шәкірттермен жүздесті

Оқу-ағарту министрі "алтыннан" үмітті шәкірттермен жүздесті

Ересек өмірдің алғашқы нүктесінде 11 жылдық білімін дәлеледеу бір бөлек те, ұстаздарының үздік бағасын алып, «Алтын белгіге» үміткер атану айрықша жауапкершілік. Осындай мерейлі мезетті аңсаған қазалылық үздік шәкірттер ауданның бас ұстазы Әділхан Жөлекешовпен бірге ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен онлайн жиынға қатысты.
Онлайн кездесуде өткен жылы «Алтын белгіні» абыроймен қорғап шыққан жастар үміткерлерге бастан кешкен қиындықтары мен озық дайындық амалдары жайында әңгіме өрбітті. Олар былтыр Ғани Бектайұлымен кездесуде жігерленгенін, нәтижесінде діттеген мақсаттарына жеткенін мәләмдеді. Оқу-ағарту министрі өткен жылы тек бас қаланың түлектерімен кездескенін, биыл жиынның ауқымын арттырып, барлық өңірдің «Алтын белгі» үміткерлерінің ой-пікірін тыңдауды шешкенін айтты.
Бұдан кейін еліміздің әр тарапындағы шәкірттер Ұлттық бірыңғай тесттегі жетістіктері мен таңдағалы отырған мамандықтары, әрі-беріден кейін туған жер, киелі мектебі жайында сөз тарқатты. Сондай-ақ жастардың дамуына мемлекет тарапынан жасалған мүмкіндіктерге тоқталып, келешек елдің дамуына қызмет еткісі келетіндерін жеткізді.

Жиынды Ғани Бектайұлы қорытындылады. Министр жылда аталып өтілетін мектеп бітіру  салтанатын лайықты деңгейде өткізілетінін айтты. Алайда дарақылық пен ысырапшылдыққа жол бермеу керегін ескертті.
Бұдан бөлек өзі туған ауыл, сол тұстағы мектептердің жағдайы жайындағы естеліктерді ойға оралтты. Бүгінгі күні мемлекет білімнен бастап, балалардың өзін дамытуға арналған тетіктерді тегін ұсынып отырғанын, өскелең ұрпаққа тек сол игілікті ұтымды пайдалану ғана қалғанын ашық айтты. Сөз соңында талапкерлердің қадамына оң болсын айтып, алдағы сынақ кезеңдеріне сәттілік тіледі.
17 мамыр 2024 ж. 278 0

Жұртқа жарық сыйлаған

20 желтоқсан 2025 ж. 141

Мал ұрлығы – маңызды мәселе

20 желтоқсан 2025 ж. 135

Үздік ұстаз атанды

20 желтоқсан 2025 ж. 122

Жұмысшы жастар – ел ертеңі

20 желтоқсан 2025 ж. 124

Шырша шамы, жарқыра!

20 желтоқсан 2025 ж. 127

Тәрбие мен таным

20 желтоқсан 2025 ж. 117

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031