Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сербия Қазақстанға миллион еуро жіберді

Сербия Қазақстанға миллион еуро жіберді

Фото
Сербия Қазақстанда су тасқынынан қираған тұрғын үйлерді қалпына келтіру үшін миллион еуро (473 миллион теңгеден астам) бөлді. Бұл туралы
Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Мамырдың 10-ы күні Орталық коммуникациялар қызметінің сайтында "Қазақстан халқына" қорының есеп-шотына су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда үй салуға Сербия үкіметінен бір миллион еуро түскені хабарланды.

"Бұл жәрдем екі ел арасындағы ынтымақ деңгейін көрсетеді және шетелдік донорлардың біздің қызметімізге сенімі мен көмекті бөлудегі ашықтықты паш етеді”, – деді "Қазақстан халқына" қорының басқарма төрағасы Болат Жәмішев

Сондай-ақ 10 мамырдағы жағдай бойынша табиғи апаттан қираған тұрғын үйлерді салуға қордан бөлінген 10 миллиард теңгеден бөлек қосымша 5,3 миллиард теңге жиналды.

Айта кетейік, бұған дейін 2024 жылдың 6 мамырында екі елдің басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Александр Вучич телефон арқылы сөйлескен болатын. Президенттер екіжақты ынтымақтастықты жандандыру, бұрын қол жеткізілген келісімдерді жүзеге асыру және Қазақстан президентінің Белградқа алдағы сапарын ұйымдастыру мәселелерін талқылады.

Қазақстан 2014 жылы алапат су тасқынына байланысты Сербияға шатыр, дәрі-дәрмек пен ең қажетті заттарды жіберіп, гуманитарлық көмек көрсеткен еді.
12 мамыр 2024 ж. 1 347 0

Тасбақа тағылымы

18 қазан 2025 ж. 107

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031