Сенбілік серпін сыйлайды
![](/uploads/posts/2024-05/medium/1715666595_senblk-serpn-syylaydy-2.jpg)
Ал «Мөлдір бұлақ» апталығы – өзен, көлдер маңына тазалық жұмыстарын жүргізіп, жағажайларды қоқыстан тазартуға бағытталған. Аталған апталық аясында өткен сенбіде аудан аумағында жаппай сенбілік ұйымдастырылды.
Экологиялық іс-шара барысында Әйтеке би кентінің орталық көшелері мен шет аймақтары, өндірістік аймақтар, қазақ-орыс қорымдарының аумағы, «Водокачка» елді мекеніне апарар жол, сондай-ақ аудан аумағындағы каналдар мен өзендердің, бұлақтардың, аяқсу арықтарының айналасы күл-қоқыстан тазартылды. Акцияға мекеме, кәсіпорын қызметкерлерімен қатар, ерікті жастар, сондай-ақ аудан тұрғындары да белсене атсалысып, туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлестерін қосты.
Кент тұрғыны Жалғас Нағи «Таза Қазақстан» акциясын дұрыс бастама деп есептейтінін жеткізді.
– Бүкіл ел бойынша жүзеге асырылып жатқан эко-челлендж қозғалысына қатыспай қалуды жөн көрмедім. Сондықтан аула тұрғындарымен бірге кент тазалығы үшін сенбілікке шықтым. Көше бойындағы аяқсу арықтарын қоқыстан тазарттық. Бұл жұмыстардың барлығы өзіміз үшін, тазалығымыз үшін. Барлық жерлестерімді, әсіресе жастарды осындай ауқымды экологиялық іс-шараларға үнемі қатысуға шақырамын. Алдағы уақытта акция жалпыхалықтық сипат алып, елдегі экологиялық жағдайдың жақсаруына жол ашады деп сенемін, – дейді ол.
Аудан аумағындағы арық жүйелерін тазартып, өзен суларының арнасын ашуға бағытталған сенбілікке аудан бойынша жалпы 136 мекеме, 2266 адам, 33 техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 29,7 тонна тұрмыстық қатты қалдықтар арнайы орынға шығарылды.
Айта кетейік, ауданнан тысқары жатқан ауыл-аймақтар, әрбір округтер де өз аумағындағы каналдар мен бұлақтардың арналары тазаланып, ретке келтірілді.
Қаракөз ЕРМЕКБАЕВА