Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Сыр өңірінде «Таза Қазақстан » республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті

Сыр өңірінде «Таза Қазақстан » республикалық экологиялық акциясы аясында жалпыоблыстық сенбілік өтті

«Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында Сыр өңірінде «Киелі мекен» апталығы аяқталып, жалпыоблыстық сенбілік өтті.
Барлық елді мекенде тазалық жұмыстары жүргізіліп, саялы ағаш көшеттері отырғызылды. Облыс орталығында ұйымдастырылған сенбілікке 2570 адам қатысып, 16 техника жұмылдырылды, орталық полигонға 500 текше метр қоқыс шығарылды.
Еске салсақ, Сыр өңірінде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында «Таза Қазақстан – таза аймақ» науқаны бастау алған болатын.
Акция 5 кезең бойынша өтуде. Әр аптаға:
1. "Таза өлке" апталығы (6-13 сәуір);
2. "Киелі мекен" апталығы (14-20 сәуір);
3. "Жасыл аймақ" апталығы (21-27 сәуір);
4. "Өнегелі ұрпақ" апталығы (28 сәуір - 4 мамыр);
5. "Мөлдір бұлақ" апталығы (5-11 мамыр) деп тақырыптық атаулар берілген.
"Киелі мекен" апталығы Шиелі ауданы, Қаратау жотасының Бала Сауысқандық шатқалындағы Сауысқандық петроглифтері аумағында қорытындыланды.
Оған мәдениет, өнер саласының қызметкерлері, қоғам белсенділері, еріктілер, ауыл тұрғындары қатысты. Сенбілікте петроглифтер маңы тазартылып, көшет отырғызылды. Апталық кезінде облыстағы 300-ден астам тарихи-мәдени нысанда тазалық, танымдық шаралары өткізілді. Оған 40 мыңға жуық адам қатысты.
Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата кітабының 1300 жылдығына арналған ескерткіш, Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға қойылған белгі, Амангелді Иманов, Жанқожа Нұрмұхамедұлы ескерткіштерінің аумағы көркем кейіпке енді. Игі бастамаға аралдықтар да атсалысып, аудан тұрғындары Балықшылар музейінің ауласына тазалық және көркейту-көгалдандыру жұмыстарын жүргізді, Әбдіжәміл Нұрпейісов музейі аумағын әктеп сырлады.
Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр кесенесі мен Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музейінің аумағында тазалық жұмысы қарқынды жүрді. Бұдан бөлек қазақ хандығының астаналарының бірі «Жанкент» қалашығы мен Бегім ана мұнарасы, Кердері кесенелерінің аумақтары да абаттандырылды. Қармақшылықтар түркі жұртына ортақ қасиетті мекен Қорқыт ата ескерткіш-кешені мен Марал ишан, Қалқай ишан кесенелеріне тазалық жұмыстарын жүргізді.
Жалағаш ауданында да Бұқарбай батыр, Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш, Түмен әулие кесенесінің аумақтары тазартылды. Көшет отырғызылып, күл-қоқыс шығарылды.
Сырдария ауданыны Асанас, Қышқала қалашықтары мен Қалжан ахун мешіт-медресесі аумағындағы игі бастамаға тұрғындар белсене атсалысты.
Шиелі ауданындағы киелі орын Оқшы ата қорымының айналасында тазалық шарасы ұйымдастырылды.
Жаңақорғандағы Қорасан ата кесенесі, Сығанақ қалашығы мен тарихы терең мәдени ескерткіштер маңы қоқыстан тазартылды.
Апта соңында Жалаңтөс Баһадүр ескерткіші, Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалды ескерткіш, С.Қожанов, Ы.Жақаев бюсттері мен Мұстафа Шоқай, Бұқарбай Естекбайұлы, Ғани Мұратбаев ескерткіштері, Батырхан Шөкенов атындағы саябақ жинақы қалыпқа келді.
Негізінде облыс көлеміндегі көркейту-көгалдандыру және санитарлық-тазалық сенбіліктері барлық елді мекенде көктемнің алғашқы күні 1 наурыздан бастау алып, тұрақты түрде жүруде.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
22 сәуір 2024 ж. 704 0

Ісі ілгерілеген өндіріс

23 қараша 2024 ж. 59

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930