Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазалыда облыстық жастар айтысы өтті

Қазалыда облыстық жастар айтысы өтті

Жақында Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Ү.Түктібаев ауылдық клубының ұйымдастыруымен Соғыс және Еңбек ардагері Халық ақыны Әбдіразақ Қаналиевті еске алуға арналған облыстық студенттермен оқушылар арасында айтыс өтті.
Айтысты ұйымдастыруға ұйытқы болған халық ақынының ұрпақтары демеушілік жасады. Ауылдық клуб фойесінде ұйымдастырылған халық ақыны Әбдіразақ Қаналиевке арналған "Өлең-жырдың жүйрігі" атты кітап көрмесі көрермендерге таныстырылды.
Шара басы майдангердің соғыс жылдарында елге жазған өлеңдері мен өріліп, қойылым көрсетіліп, майдангердің көзін көрген ел ағаларымен ағайын-туыстарының халық ақынына деген естеліктері айтылып, Қазалы аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Болат Жолтаев Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің құттықтау хатын Қаналиевтер отбасына табыстады.
Айтысты тізгіндеген ақын Ермекбай Ағырай, майдангер ақынның еңбек жолына тоқталып, шараның мазмұнын ашар жас айтыскерлерді таныстырды. Ақындар Т.Дүңкиев, Ғалия Орынбасарова және Қ.Мұқашов әділқазы құрамында болды.
Облыстық айтысқа 12 талапкер қатысып бақтарын сынады. Алғашқы болып сахна төрінде Жаңақорғандық М.Абдуллаевпен жерлес жас ақын А.Жақсыкелді айтыс шымылдырырығын шырайлы өлеңдерімен ашса, Қызылордалық Б.Әбілдаевпен Майдакөлдік Б.Серіковтің ағамен іні арасындағы ұтқыр әзілдері көпшілікті тәнті етті. Жалағаштық М.Қартбаймен Қызылордалық С.Жаппасбай нағыз қызбен жігіттің айтысын көрсетіп, көпшіліктің көзайымына айналды. Сырдариямен Қармақшы ауданынан шыққан Н.Мансұровпен Б.Смайылұлының айтысы көрерменнің көңілін толымды етіп қошеметке бөленді. Шиелілік Е.Кенжеш, қарсыласы майдакөлдік Ө.Есебаймен айтысып, түрлі мақамдардың иірімін көрсете білді. Айтыстың соңғы жұптары аралдық жас ақын Ж.Серіков, Сырдариялық Б.Айтбаевпен жұптасып, қарсыластың сұрағына жауапты сәттерін көрсете білді.
Алты жұп сахна көркін қыздырып, екінші кезеңде Құлмамбетше жырлап, оза шапқандар жүлде төрінен орын алды.
Бас жүлде Майдакөл ауылы Б.Серіковке бұйырса, бірінші орын Қызылорда қаласы С.Жаппасбайдың қанжығасына байланды. Екінші орын Жалағаш ауданы М.Қартбайдың еншісінде кетті. Ал, А.Жақсыкелді, Е.Кенжеш және Н.Мансұровтар үштікке табан тіреді. Қалған жас талапкерлерге ынталандыру үлестерілді.

06 мамыр 2024 ж. 155 0

Ебін тапқан, екі асайды

27 шілде 2024 ж. 35

Ажарлы мекен Аранды

27 шілде 2024 ж. 35

Анаға тағзым

27 шілде 2024 ж. 38

Меже мен мүмкіндік

27 шілде 2024 ж. 40

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031