Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қолайсыздық болмауы қажет

Қолайсыздық болмауы қажет

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласының кейбір аудандарында жарықтың өшуіне байланысты шұғыл жиын өткізді.
Кешелі бері толассыз жауған жауын мен қолайсыз ауа райы салдарынан облыс орталығының кейбір аудандарында жарық сөніп қалған. Жиында қала әкімі мен орынбасарларына, облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Қызылорда электр тарату компаниясы» АҚ басшылығына ақауларды шұғыл қалпына келтіру жөнінде тапсырма берілді.
"Демалыс күндері тұрғындар мұндай қолайсыздықтарды сезінбеуі керек. Жұртшылық жарық, су, газды әсіресе, осы күндері белсенді тұтынатын болғандықтан, жарықтың өшкені қаншама жұмысқа қолбайлау болуда. 109 қызметіне түскен хабарламалар бойынша апатты жою қызметі тез арада тиісті іс-қимылға көшіп, барлығын қалпына келтіруі керек. Екі сағаттың ішінде ақауларды жөндеңіздер", - деді аймақ басшысы.
Жиында сала басшыларының ақауды қалпына келтірудегі әрекетсіздігіне сын айтылды. "Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы" АҚ басқарма төрағасы Б.Қаракөзовке, пайдалану жөніндегі орынбасары-бас инженер Ш.Рахышевқа, қалалық электр тораптары басқармасының директоры Е.Каленовке қатаң сөгіс берілді.
Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
06 мамыр 2024 ж. 294 0

Өнердің өріндегі өмір

23 мамыр 2026 ж. 130

Шуақты өнер шырақшысы

23 мамыр 2026 ж. 128

Табысты бизнес моделі

23 мамыр 2026 ж. 137

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031