Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » БҚО-ға Ресейден көлемді су келуі мүмкін

БҚО-ға Ресейден көлемді су келуі мүмкін

Фото
Батыс Қазақстан облысында су тасқынына қарсы күрес жұмыстары жалғасып жатыр. Бұл туралы БҚО әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Таткен Республикалық ақпараттық штабта айтты, деп хабарлайды
BAQ.KZ.
Өңірдегі жағдай әлі де күрделі. Мамандардың бүгін таңмен берген мәліметіне сәйкес, Ресейдің Орынбор облысынан бастау алған көлемді су өңірімізге 20 сәуір күндері келеді деп болжанып отыр. Таңертеңгі ақпарат бойынша, Жайық өзеніндегі судың деңгейі 776 см. Яғни кешегі мөлшермен салыстырғанда 8 см-ге артқан. Осыған байланысты, Жайық өзеніне жақын орналасқан облысымыздың Ақжайық, Бөрлі, Бәйтерек, Теректі аудандары мен Орал қаласындағы қауіпті аймақтардан тұрғындар эвакуацияланып жатыр, - деді Ерхан Таткен.

Оның мәліметіне сәйкес, су тасқыны басталғалы бері барлығы 13 614 адам эвакуацияланды, оның ішінде 5653-і балалар.

Су басқан учаскелерден эвакуацияланған тұрғындарды орналастыру үшін сыйымдылығы 9 мыңға жуық орынға лайықталған 161 уақытша орналастыру пункттері дайындалды. Бүгінгі таңда 15 эвакуациялық пунктте 2 189 адам бар.

Өңіріміздегі су тасқынына қарсы іс-шараларға облысымыздан және басқа аймақтардан барлығы 6478 адам, 1574 техника жұмылдырылды, оның ішінде 790 арнайы техника. ТЖМ және Ұлттық ұланның тікұшақтарының экипаждары дайын, олар қажет болған жағдайда гуманитарлық көмекті жеткізуді жүзеге асырады және апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізеді, - деп айтты өңірдің баспасөз хатшысы брифингте.
17 сәуір 2024 ж. 306 0

Қазақстанда күн күрт суытады

06 желтоқсан 2025 ж. 166

Ұрпаққа бағыт, білімге мақсат

06 желтоқсан 2025 ж. 135

Мәңгілік сағыныш

06 желтоқсан 2025 ж. 119

Ұстаздар үздіктер сапында

06 желтоқсан 2025 ж. 126

Өмірін әнмен әрлеген әжелер

06 желтоқсан 2025 ж. 118

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031