Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада Еуропалық Одаққа 19 мүше мемлекет елшілерінің кездесуі өтіп жатыр

Қызылордада Еуропалық Одаққа 19 мүше мемлекет елшілерінің кездесуі өтіп жатыр

Биыл 11-14 сәуір күндері ҚР Сыртқы істер вице-министрі бастаған Қызылордаға Еуропалық Одаққа 19 мүше мемлекеттердің елшілері келді. Олар "Қызылорда облысының инвестициялық әлеуеті" тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысып, Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарына Кіші Арал теңізін қалпына келтіру мәселесі бойынша арнайы жұмыс сапарда болды.
"Еуропалық Одақ мемлекеттері мен Қазақстан арасындағы ашық әрі сенімді дипломатиялық қарым-қатынас тәуелсіздік алған кезеңнен бастап орнады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы президенттердің Шолпан-Ата қаласында өткен "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" форматындағы екінші кездесуінде атап өткендей, "Еуропалық Одақ – Қазақстанның ең ірі сауда серіктесі. Біздің сыртқы саудамыздың 40 пайыздан астамы осы ұйымның үлесіне тиесілі. Былтыр Қазақстанның ЕуроОдақ елдерімен өзара тауар айналымы 40 миллиард долларды құрады. 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 50 миллиард долларға жеткізу үшін бізде барлық мүмкіндік бар деп санаймын". Еліміз – Еуропалық Одақтың Орта Азиядағы негізгі инвестициялық және сауда-экономикалық серіктесі. Қазір жасалған игі істер – болашақ ұрпақтар үшін баға жетпес мұраға айналады. Сапарларыңыз нәтижелі әрі табысты болады деп сенемін", – деді аймақ басшысы.
Облыс әкімі Арал теңізінің ахуалын баяндады. Теңіз түбінен көтерілетін тұзды құм жақын маңайдағы елді мекендерден бөлек, Памир тауы мен Солтүстік мұзды мұхиттан табылғаны ғылыми түрде дәлелденген. Құм көшкінін тоқтатудың жолы – теңіз ұлтанын көгаландандыру және жергілікті климатқа сай өсімдіктерді егу. Сондықтан Халықаралық қорлардың демеушілігімен Арал теңізінің құрғаған алқаптарына сексеуіл егу жұмыстары жүргізілуде.
Мемлекет басшысы Арал теңізінің құрғаған табанындағы 1,1 миллион гектарға 2025 жылға дейін климатқа сай өсімдіктер егуді тапсырған болатын. Осылайша, 2021 жылы 101 мың гектарға, 2022 жылы 250 мың гектар жерге, 2023 жылы 193,2 мың гектарға сексеуіл егілді. 2024-2025 жылдары 556,2 мың гектар аумақта осы жұмыстар жалғасады.
Арал теңізінің тартылуы жаһандық проблема екенін ескерген Халықаралық Аралды құтқару қоры, Дүниежүзілік банктер, Халықаралық ынтымақтастық жөніндегі Герман қоғамы, АҚШ-тың халықаралық даму агенттігі, Корея Орман қызметі халықаралық ұйымдар Арал теңізін қалпына келтіру бойынша бірлескен жұмыстар атқаруда.
Іс-шарада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко, Еуропалық Одақтың Елшісі Янкаускас Кестутис тиімді әріптестік орнатуға ниет білдірді.
"BGI Bioverse" компаниясының жоба басшысы Ванг Минь ханым баяндама жасап, кәсіпорынның жұмыс бағыттарын сипаттады.
Айта кетейік, сапар барысында елшілер Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен "Болашақ" университетінің студенттерімен кездесті. Қармақшы ауданындағы "Қорқыт Ата" мемориалдық кешеніне, Арал ауданындағы Ә.Нұрпейісов атындағы Әдебиет үйіне барды. "Балықшылар аллеясын" және "Балықшылар" музейін тамашалап, "Aral Sea Food" балық өңдеу зауытының жұмысымен танысты. Делегация мүшелері "Көкарал" бөгеті мен Кіші Арал теңізінің жағдайын көрді. Теңіз алқабындағы сексеуіл егу жұмыстарымен танысты. Сапар соңында елшілер облыстық тарихи-өлкетану музейі мен "Анаға тағзым" орталығына барып, "Қорқыт ата" атындағы әуежайы жаңа терминалының жұмысымен танысты.
Қонақтар сапар соңында облыс әкімдігінің жоғары деңгейде ұйымдастырғанын атап өтіп, сырбойылықтарға алғысын білдірді.
16 сәуір 2024 ж. 173 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031