Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Жанары жалынсыз Жәнел

Жанары жалынсыз Жәнел

Фото: ашық дереккөзден
Алты айлық баласымен үйден кетуге шамасы жетпей, айтылған шешімдерді қабылдай алмай екі беті алаулап, жан-дүниесі әлде бір күшпен күресіп, не күй кешкенін түсінбей Жанел бір бұрышта бүрісіп жатыр. Оның арманы да, мақсаты да қалмаған еді. Өмірлік деп таңдаған адамына байланыстырған тағдырын одан енді қалай ажыратып аларын ұғына алмай, санасы сан жақта. Тіпті үміттің сәулесі де көрінбейді. Бұл соңғы шешім екенін анық түсініп жатыр. Кімді кінәлап, кімге ақтарыларын білмейді.
Аллаға бет бұрам деп, алып-ұшып жүріп, өмірдің мәнін тек отбасы деп түсінген уақытысында, басқа ағымдағы ер адамның етегінен қалай ұстап кеткенін де аңғармаған еді. Араға бір жарым жыл салып, талақ алған соң ғана, сол қате басқан қадамы есіне түсе берді. Ешкімді тыңдамай, өзі таңдаған тағдырдан опық жегенін түсінсе де, таңдауын жамандыққа қияр емес. Тіпті қиналысының күштілігінен көзінен жас та шықпайды. Бар ойы мен жүрегін жаулаған азамат кеудесінен итергенде, өмірден баз кешуге омырауын алатын баласы үшін ғана үнсіз жатыр. Бұл түн ол үшін ғасырдан да ұзақ болды. Сүйгенін сөзбен жеткізе алмайтын жанды қиып кету оңай ма? Бәрінен де, баласын тірі жетім атандыру жанын жегідей жеп жатыр.
Таң ата бір жылдан аса уақыт жолдасына жете алмай жүрген Жәнел енесіне сәлемін салып, күнделікті тіршілігін жалғастырып жүре берді. Алайда өз анасына сүйгенінен өзін керек етпейтін хабар жетіп үлгерген еді. Бұны енесі де, өзі де біле тұра, білмегендей үнсіз. Тек қана ауызын бассаң, еш қарсылық көрсете алмай, өмір мен өлімді түсінбей жанын бере салатын ұлы ғана көңілді. Шешесінің болашағына алаңдап, уайыммен қараған көзқарасына жай ғана жымиып жауап береді.
Кешқұрым анасы келді. Бұл уақытта ұлының әжесі олардың заттарын, қыздың жиған жүгіндей қып жинап қойған еді. Тағы да үнсіздік. Бәрі тек көзбен ұғынып, қимылдап жүр. Күйеуімен кездесер күнді күтіп жүргенде, өзінің бұл мекеннен келмеске кетіп бара жатқанына сенбеген күйде Жәнел көлікке отырып, кезінде жалғыз қашқан үйіне ұлымен оралды. Үнсіздік әлі жалғасып жатыр...
Кеудесін өксік басып, жайдары жанары жоғалған Жәнелдің өз ұясына оралғанына да бір жылға жуықтады. Ол баласын ата-анасына қалдырып, жұмысқа орналасты. Қанша уақытын бір адамға арнап, бар қызығушылығынан айырылып, әлемнен қалыс қалғандай сезімде болса да, болашағын жарқын етуге дәл қазір қайталанбас мүмкіндік екенін түсінген. Әйтсе де, жүрегінің жарасы жазылмаған Жәнелге баласынан жырақ жүру қиындық келтірді. Енді ойының бәрі тек баласының қылығы мен қызығын қасында жүріп көру еді. Осы оймен төрт айын өткізді. Күн санап жүр, бірақ қай күні ұлымен қауышарын білмейді. Осылайша араға айлар салып, үздіксіз жасаған дұғасының арқасында бауыр еті баласының қасына келді. Жанарын мұң шалып, уайымы бетінің ажарын ала бастаған уақытта да кінә артпаған жалғыз адам - осы ұлы болатын.
Дүниеге қайта келгендей, өмірін жаңадан жалғастырғысы келетін Жәнелдің арманы - ұлымен бақытты өмір кешу. Бірақ оны әкесіз де, өгеймен де өсіргісі келмейді. Бұл оның түйіні тарқалар сәті белгісіз толғанысы. Ал қорқынышы - тағдырын талқылайтын қоғамға сыр білдірмей сыйып жүру.
Бір ғана шешімі салдарынан әлі де болса сынақтар келетінін түсініп, біле тұра, өмірін түбегейлі өзгертіп, жанарындағы жалынды сөндірген адамға кек сақтамай, көптің бірі етіп қарай алуы. Алладан келген сынақты Одан келген күшпен еңсеріп жүруі. Не болса да, өмірді өкінішсіз жалғастыруы - бұл Жәнелдің ең үлкен жеңісі еді.
Жанна МИХА

12 наурыз 2024 ж. 14 0

Жас сарбаздар сайысты

08 мамыр 2024 ж. 51

Соғыстың соңғы сарбазы

07 мамыр 2024 ж. 84

Сенімі нық сарбаздар

07 мамыр 2024 ж. 84

Ел үмітін ер ақтар

07 мамыр 2024 ж. 81

Әскердегі әсерлі сәт

07 мамыр 2024 ж. 80

Алматтың айтқандары

06 мамыр 2024 ж. 107

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031