Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үйшіктің бірін таңдаңыз: Сіздің отбасыңызды не күтіп тұр? (психологиялық тест)

Үйшіктің бірін таңдаңыз: Сіздің отбасыңызды не күтіп тұр? (психологиялық тест)

Алдыңыздағы суреттегі үйшіктердің бірін таңдап, сіздің отбасыңызды жақын арада не күтіп тұрғанын біліңіз.

Суреттерге асықпай зер салып қараңыз, өзіңізге ұнаған үйшікті таңдаңыз. Сіз таңдаған үйшік отбасыңызда жақын арада болатын жаңалықтың жаршысы болмақ.

Таңдасаңыз, іске сәт!
Ескерту! Бұл тек психологиялық болжам ғана. Ақиқаты тек Аллаға ғана аян екенін ұмытпаңыз. Жақсы сөз - жарым ырыс!

№1 Үйшік
Бірінші үйшік көзіңізге оттай басылса, сіздің отбасыңыздың мүшелері өте қарапайым жандар. Сол себепті де ешкімді қараламайтын, адамдарды алаламайтын жақсы қасиеттері бар. Үлкендерді сыйлау, отбасылық құндылықтарды бағалау сіздің отбасыңыздағы басты ұғым. Алдағы уақытта отбасыңызда болатын жақсы жаңалықтардың бірі де - үйіңіздегі үлкендердің біріне қатысты болмақ. Бәлкім ол жақсы жаңалық айтады, не болмаса үлкен ұтыс иегері атануы мүмкін. Әйтеуір жақын арада жаныңызға жағатын жақсы жаңалығымен бөлісетінін ұмытпағайсыз. Сондай-ақ, үйдегі балаларға көбірек көңіл бөліңіз. Қазір олар сіздің қамқорлығыңызға зәру.

№2 Үйшік
Сіздің отбасыңызда дәл қазіргі сәтте уақытша қиындықтар болып жатыр. Алайда мұның уақытша екенін ұмытпағайсыз! Сіз осы үйшікті таңдаған екенсіз, демек сіздің отбасыңыздың адамдары бір орында тұруды білмейтін, үнемі ізденіс үстінде жүретін жандар. Кейде тіпті, бір-бірлеріңізді түсіну қиынға соғады. Алайда отбасыңыз өте берекелі. Отбасыңыздың әрбірінде мінез болғандықтан қиындықтар болып тұрады. Алайда сіздер қиындықты бірге жеңесіздер! Жақын арада отбасыңызда үлкен той болады. Дайындала беріңіздер!

№3 Үйшік
Сіздердің отбасыларыңызда әркім өз бетінше өмір сүріп жатыр. Бірақ бұл сіздерге кедергі емес, өйткені сіздер бәрібір бір отбасы екендіктеріңізді жақсы білесіздер. Әркімнің өз әлемі болса да, сіздер бір әулеттің адамдарысыздар. Отбасыларыңызда болған кикілжіңдерді ақылмен шешуге тырысасыздар. Өйткені сабырлылық сіздердің қандарыңызда бар. Араларыңыздағы еркелеріңізді де кешіре салуға барсыздар. Жақын арада жүрек түкпірінде жатқан орындалмастай көрінген армандарыңыз жүзеге асады. Бәлкім, отбасылық кәсіп ашып, табыстарыңыз өрге қарай домалайтын болар!

№4 Үйшік
Сіздер нағыз өзгелерге үлгі болатын отбасысыздар! Өзгелер сіздерге қызыға да қызғана да қарайды. Қызыға қарайтындардан гөрі қызғана қарайтындар көп сияқты. Алайда уайымдауға негіз жоқ! Демек сіздер нағыз идеалсыздар. Тәрбие, тәртіп, өзгелерді сыйлау сіздің отбасыңыздың ұраны. Әрдайым өзгелер сіздерден ақыл сұрап келіп жатады. Үйлеріңізден қонақ үзілмейтіні де сондықтан. Жақын арада отбасыларыңыз толығады. Дүниеге сәби келу мүмкін немесе келін түсуі ғажап емес. Алдағы уақытта қуаныштарыңыз еселенетіні анық!
16 шілде 2019 ж. 4 800 0

Байқауда бағы жанғандар

11 желтоқсан 2024 ж. 268

Білім туралы құжаттарды тану

11 желтоқсан 2024 ж. 156

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031