Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәууәл айындағы алты күндік ораза жайлы не білеміз

Шәууәл айындағы алты күндік ораза жайлы не білеміз

Рамазан айының отыз күндік оразасы аяқталды. Сансыз сауаптарға жетуді ниет еткен әрбір мұсылман таң атқаннан күн батқанға дейін ауыз бекітіп, бес парыздың бірін орындап шықты.

Алайда, Рамазан айының оразасынан кейін де сауабы мол Шәууәл айының алты күндік оразасы жайлы біреу білсе, біреу білмейді.
Мұсылмандардың һижра жыл санауы бойынша, Рамазаннан кейін Шәууәл айы кіреді. Бұл айда алты күндік нәпіл (ерікті) оразасын ұстағанның сауабы мол.

Пайғамбарымыз (С.Ғ.С.): «Кімде кім Рамазан айының оразасынан соң Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаса, бір жыл ораза ұстағандай болады» – деп, бұл айда ұсталатын алты күн оразаның мол сауабын сүйіншілеген.

Ғалымдар бұл оразаның сауабының бір жылға теңелуін былайша түсіндіреді. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Кімде-кім бір жақсылық жасаса, оған оның он есе қарымы беріледі» – деген. Рамазан айындағы отыз күн мен Шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, 360 күнді құрайды. Осылайша, оразаның әрбір күні он есе молайса, онда отыз алты күндік оразада бір жыл ауыз бекітудің сауабы бар деген сөз.

Жалпы, Шәууал айындағы алты күндік оразаға байланысты мынадай маңызды мәселелерді ескерген жөн:

 Шәууәл айының оразасы нәпіл ораза болып табылады. Яғни, мұны ұстау ешкімге міндет емес, адамның өз еркінде. Дегенмен, мұны ұстамаған жан жоғарыда келтірген Пайғамбарымыздың (С.Ғ.С.) хадисіндегі бір жылдық оразаның сауабынан құр қалады.

 Шәууәл айының нәпіл оразасы тек Шәууал айында ғана ұсталады. Және оны айт күнінің екінші күнінен бастап ұстаса болады.

 Шәууәл айының нәпіл оразасын арасын үзбей қатарынан, сонымен қатар арасын үзіп бөлек-бөлек күндерде де ұстауға болады.

 Рамазан айында түрлі себептермен кей күндерін қаза етіп алған кісілер бірінші кезекте қазасын өтеуі тиіс. Рамазан айының оразасы парыз, ал Шәууәл айның оразасы Пайғамбарымыздың (С.Ғ.С.) сүннеті болғандықтан, алдымен парыз оразаның қазасын өтеген абзал.
11 сәуір 2024 ж. 173 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031