Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Шәууәл оразасы жайында жиі қойылатын сұрақтар

Шәууәл оразасы жайында жиі қойылатын сұрақтар

1. Шәууәл оразасы қаншалықты сауапты?
Шәууәл айындағы алты күндік нәпіл оразаның пайдасы жайында Алла елшісі былай деген: «Кім Рамазан айының оразасын ұстап, оған қосымша Шәууәл айында алты күн ораза ұстайтын болса, ол бір жыл ораза ұстағанмен тең болады»[1].
Басқа бір хадисінде: «Кім Ораза айттан кейін алты күн ораза ұстаса (шәууәл оразасы), онысы бір жылдық оразаға тең. Бір жақсылық істеген адамға, он есе қарымтасы бар», - дейді[2].  
2. Шәууәл айындағы 6 күндік оразаны 3 күн айт біткеннен соң ұстаймыз ба?
Ораза айттың бірінші күні ешқандай ораза ұсталмайды. Айттың екінші күнінен бастап шәууәл айындағы алты күндік нәпіл оразаны немесе қаза оразаларды ұстай беруге болады.   
3. Қаза ораза мен Шәуәл айының оразасын бірге, бір ниетпен ұстаса бола ма?
Ханафи ғұламасы Имам Әбу Юсуф (рахимәһулла): "Қаза ораза мен нәпіл оразаға бірдей ниет еткен жағдайда, онысы Қаза ораза үшін есептеледі" деген. Ал, Имам Мұхаммед (рахимәһулла) болса: "Ондайда жасаған ниеті – қазаға емес, нәпіл оразаға есеп" дейді[3].
Қалай болғанда да, қос ғұламаның тұжырымына қарап, Ханафи мәзхабы бойынша, оразаның қазасы мен «Шәууәл» айында ұсталатын нәпіл оразаны бірге ұстауға болмайтындығын анық ұғынуға болады. Екеуі екі бөлек ғибадат болғандықтан, бөлек-бөлек ұсталуы керек.
3.  Қаза оразамды бірінші ұстауым керек пе, әлде Шәууәл оразасын ба? Қайсысын бірінші ұстау керек?
Әуелі қазаларыңызды өтеп алып, одан кейін Шәууәлдің алты күндік оразасын ұстаймын десеңіз де, не болмаса, бірінші шәууәл оразасын ұстап, кейінірек қазаларды өтеймін десеңіз де өз еркіңіз. Ханафи мәзхабында қаза ораза өтелмей тұрып, нәпіл оразаны тұта беруге болады[4]. Тек, қазаның өзін өтейітін кісіге де күнә жоқ. 
4. Шәууәл оразасының орнына қазамды өтесем бір жылдық сауап алам ба?
Кей Ислам ғалымдары "Қаза оразаны Шәууәл айында өтейтін кісіге, нәпіл ораза ұстамаған күннің өзінде, қазасын аталмыш айда өтегендіктен Шәууәл оразасының сауабы қосымша жазылады" деген тұжырымды алға тартады[5]. Осы тұрғыда мынаны ескерген жөн, қаза оразалары алты күнге жетпейтін кісілер, кем күндерін қосымша нәпіл оразамен толықтырғаны абзал.   
6. Шәууәл айындағы алты күндік нәпіл оразаны үзбей ұстау шарт па?
Шәуәл айындағы алты күндік нәпіл оразаны үзбей ұстау шарт емес. Сол ай ішінде бөліп ұстауға да рұқсат. Кейбір Ханафи ғалымдары үзбей ұстағаннан, бөліп ұстағанды артық көрген[6]. Абзалы қайсы десеңіз, абзалы - алты күнді үзбей ұстаған абзал. Дегенмен, бөліп ұстаса да саналады. 
7. Шәууәл оразасының ниеті қалай жасалады?
Ниет дегеніміз, іштей бір нәрсені орындамаққа оқталу, соны діттеу дегенді білдіреді. Сондықтан да, көкейде шәууәл оразасына ниет етілген болса, соның өзі жарамды. Тілмен айту шарт емес. Дегенмен, ауызша айтам деуші кісі ниетін қазақ тілінде жасай берсе болады. Мысалы былай десе болады: «Ниет еттім Алла ризалығы үшін Шәууәл айындағы нәпіл оразаның бірінші күнін (екінші не үшінші күнін...) ұстамаққа. ХалисалиЛләһи Тағалә».
8. Ауыз ашарда қалай дұға жасалады?
Ауыз ашқанда да әдеттегідей сумен немесе құрмамен ашып, қазақшалап тілек-дұғасын жасай бересіз. Арнайы ниет-дұғасы жоқ.
9. Шәууәл оразасын қай кестеге қарап ұстаймыз?
Рамазан айынан кейін қаза оразаны немесе Шәууәл оразасын ұстайтын кісі күнделікті намаз кестесін негізге алады. Дәлірек айтқанда: таң намазы кірген уақыт - ауыз бекіту уақыты болмақ. Сол уақытқа дейін сәреңізді ішіп-жеуге рұқсат. Ал, ақшам намазының кірген уақыты - ауыз ашар уақытының кіргенін білдіреді. Осы тұрғыда, күннің толықтай батуы маңызды. 
Абдусамат Қасым
islam.kz




04 маусым 2019 ж. 18 989 0

Ауқымды марафон өтті

20 қараша 2024 ж. 74

Мемлекеттік рәміздер

20 қараша 2024 ж. 69

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930