Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Көзін тап та, кәсіп қыл

Көзін тап та, кәсіп қыл

"Көзін тап та, кәсіп қыл" дейтін қағидамен өмір сүретін жігіт бұл. Алмат Есенаманов. Қазалылық кәсіпкер ауыл тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға арналған «Ауыл аманаты» жобасы бойынша былтыр бизнес бастаған еді. Оған қажетті құрал-жабдығын алып, кәсібін жүргізуде.
Сондағысы не? Мысалы, өзіңіздің немесе бизнесіңіздің атын қалыптастыру үшін арнайы бренд қалыптастыру қажет екені белгілі. Аяқ киім не өзге де бұйым сатып тұрып, оны салу үшін қазір арнайы пакет береді. Әдемі қалташа сыртында өзіңіздің дүкен не кәсіпкерліктің аты, мекен-жайы, әлеуметтік желідегі сілтемесі көрсетілсе, бұл тіптен көп мүмкіндік деген сөз. Танымалдылыққа тез ие болу мүмкіндігі ғой.
Соны білген Алмат полиэтиленді және картон пакеттерге сіздің бизнес кәсібіңіздің логотипін басып шығарады. Сонымен қатар сыртқы жарнаманың түрлері, көлемді әріптер, стендтер, типографиялық қызметтер бойынша сапалы һәм қолжетімді бағада қызмет көрсетіп отыр.
Бәсекесі аз тіршілікті игеріп жүрген мұндай азаматты тек қолдау керек.


Ержан ҚОЖАС
11 сәуір 2024 ж. 291 0

Жасыл орман жайқалса...

12 шілде 2025 ж. 124

Еңбегі еселі ер

12 шілде 2025 ж. 123

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031