Қазалы Qazaly.kz ақпараттық агенттігі
» » Үміт артқан жоба

Үміт артқан жоба

Қазалы ауданы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласында жұмыстар қарқынды атқарылуда. Жасыратыны жоқ, ауылдағы өмір қай кезде де оңай болған емес. Күнделікті ауылдың тірлігі, дамыған инфрақұрылымның болмауы, халықтың қалаға қоныс аударуы және ауыл тұрғындарының аз табысы күйбең тірлікке әсер етпей қоймайды. Ешқашан ауылда болмаған және мұнда кем дегенде екі апта болмаған адам ауыл тұрғындарының ойлары мен тірлігін түсінбейді.
Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының жалғыз күнкөрісі егін шаруашылығы пен төрттүлік болып тұр. Ауыл тұрғындарының бизнес ашып, дамыту және кеңейту жөніндегі бастамасы мен жоспарлары көп жағдайда іске аспай қалып жатады. Бұл мәселені шешу үшін өткен жылы Үкімет "Amanat" партиясымен бірлесіп, Қазақстан бойынша "Ауыл аманаты" жобасын енгізу туралы шешім қабылдады.
Жобаны іске асыруға 2023 жылы республикалық бюджеттен Қызылорда облысына 3 миллиард теңгеден астам қаражат көзделген. Ауданға 484300000 теңге бөлінді. Осы жоба бойынша микрокредит беру мерзімі 5 жыл, мал шаруашылығы саласындағы бастамалар үшін 7 жыл қаралған. Ең жоғарғы сома – 2,5 мыңнан 8 мың АЕК-ке дейін, номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5%-тен аспайды. Негізгі қарызды төлеу бойынша жеңілдікті кезең – 12 айды құрайды.
Жаңа мемлекеттік бағдарлама механизмнің қол жетімділігі, жеңілдетілген несиелеу және төмен пайыздық мөлшерлеменің арқасында кеңінен таралуда. Бағдарлама ауыл тұрғындарына бизнес-жобаларын іске асыруға көмектесуге бағытталған. Оны өсімдік, мал және құс шаруашылығына, елді мекендерден тыс жерлерде жер ресурстарын пайдалану үшін, кооперативтер құру және жинақтау, жеке кәсіпкерлікті дамыту (өндіру және қайта өңдеу), сатып алу-сату және жалға беру қызметін қоспағанда, осы сынды бағыттар бойынша жүзеге асырылады.
Қазақстандық ауылдарды дамытуға және отандық агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға бағытталған бағдарлама. Жеңілдетілген несие және "Ауыл аманаты" жобасы көптеген ауыл тұрғынына өз бизнесін құруға септігін тигізеді. "Ауыл аманаты" жобасы 2025 жылға дейін іске асырылады деп жоспарланған.
Былтыр "Ауыл аманаты" жобасына қызығушылық танытқан ауыл тұрғындары берілген мүмкіндікті жіберіп алмай, бизнес жоспарларын ұсынған болатын. Қазалы ауданы бойынша 68 адам осы бағдарлама игілігін көрді. Соның ішінде Ақбала Жақыпбекқызы да бар. Ол 5 жылға 6900000 теңге жеңілдетілген несие алып, Ақтөбеден пластик бөтелкелер құятын Ресейдің "Техноиндустрия" компаниясының жабдығына қол жеткізді. Бұны алмас бұрын ұзақ ойланды. Ақырында жеті рет өлшеп, бір кесуге бел буды.
Ақбала Шүйіншәлі 10 жылдан астам кәсіпкерлікпен айналысып келеді. Жеке аралас дүкені халыққа қызмет көрсетіп тұр. Онда құйылмалы сусын сататындықтан сырттан пластикалық ыдысқа тапсырыс беретін. Оның әр данасы 65 теңгеден болғандықтан қалтаға ауыр тиеді. Сондықтан ізденіп, өзі осы дүниелерді шығаруды ойлайды.
– "ПВ-800" ПЭТ контейнерлеріне арналған жартылай автоматты үрлеу машинасы алдын ала қыздыру және үрлеу әдісімен "ПЭТ" преформаларынан көлемі 2,5 литрге дейінгі бөтелкелерді өндіруге арналған. Бұл шағын және орта бизнес үшін тиімді шешім, ол сізге минималды инвестициямен өзіңіздің "PET" контейнерлеріңізді өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Қалыптың құлыптарына арналған бөлек жетегі бар бірегей дизайн жоғары өнімділікпен алынған бұйымның тамаша сапасын қамтамасыз етеді. Жабдықтардың қосарланған жиынтығы дайын өнімнің сандық шығымдылығын арттыратын қосарлы қалыптарды пайдалануға жағдай жасалған, – дейді жас келіншек.
Оның айтуынша, "Festo" пневматикалық компоненттерін және "Omron" электрондық компоненттерін пайдалану жабдықтың ұзақ уақыт бойы мінсіз жұмыс істеуіне кепілдік береді. Бұл құрылғыға компания 1 жылға зауыттық кепілдік береді.
Өндірістік жабдық қатты суық және ыстық күні қосылмайды. Пластик бөтелкесінің 0,5 пен 5 литр аралығындағы көлемдегілері шығарылады. Алғашында 1,5-2 литрлігінен 500 данасын шығарады. Оны тапсырыс берушілер лезде сатып алған. Жалпы бұл құрылғы 1 сағатта 500-600 данасын өндіреді. Бір күнде 3000-ға дейін басып шығара алады. Бөтелкелерге арналған қақпақ пен шикізатты Алматыдан тапсырыспен алдырады.
Іскер кәсіпкер алдағы көктемде жұмысын бастап кетуді діттеп отыр. Жоспарында Арал, Қармақшы, Төретам сынды сұраныс бар жерлерге жеткізу бар. Оған арнайы көлік те алуды есептеуде.
Қазір Ақбала Жақыпбекқызы 2 адамды жұмыспен қамтып отыр. Кәсібін де кеңейтуден кенде емес. Жаңа идеялары көп еңбекқор кәсіпкер алдағы уақытта дәмхана мен өзге де өндіріс орнын ашуға құштар екендігін жасырмады.
Айнұр ҚАЗМАҒАМБЕТОВА
27 ақпан 2024 ж. 288 0

Руханият

Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын.

Мен өмірді қалаймын.

08 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

07 қараша 2024 ж.
Мен  өмірді қалаймын!

Мен өмірді қалаймын!

07 қараша 2024 ж.
Мен өмірді қалаймын

Мен өмірді қалаймын

04 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031